АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

2018 жылға арналған Ақмола облысының мемлекеттік архивінің жұмыс ЖОСПАРЫ

Бекітемін
Ақмола облысының мемлекеттік
архивінің директоры
________________Т. Батырханов
_______________________ 2017

2018 жылға арналған
Ақмола облысының мемлекеттік
архивінің жұмыс
ЖОСПАРЫ

Кіріспе

 

2018 жылы Ақмола облысының мемлекеттік архивінің бар қызметі архив ісінің жетілуі мен дамуына, архив iсiнiң одан әрi дамуына және жетiлдiруiне, Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақталатын құжаттарға ғылыми-ақпараттық анықтама құруға және жетiлдiруге, оларды жан-жақты пайдалануға, орындалатын жұмыстың ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етуiне бағытталады. Ғылыми – әдістемелік өңдеулердің, ақпараттық құжаттардың, мақалалардың, жинақтардың, фотоқұжат көрмелерінің тақырыптық – экспозициялық жоспарларының, семинар тақырыптарының, жыл сайынғы естелiк және атаулы күндер күнтiзбелiгi дайындалады және қарауға түсуiне қарай архивтiң сараптау комиссиясы отырыстарында қарастырылады.

1.Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету

Сақтауды қамтамасыздандыру мақсатында архивтi техникалық жабдықтандыру және материалды–техникалық базасын нығайту бойынша жұмысы жалғастырылады. Қағаз негiзiндегi 450 сақтау бiрлiгiнiң күйi жақсартылады, оның iшiнен 300 парағы қалпына келтiрiлдi, осы жұмыспен келесi қорлар қамтылады:

- қ. 37 «Атбасар уездік кеңестік жұмысшы – шаруалар милициясы»;

- қ. 39 «Макинка болыстық атқарушы комитеті, Ақмола губерниясы, Макинка ауылы»;

- қ.903 «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ;

- қ. 924 «Ақмола облысының санитарлық – эпидемиологиялық сараптамасы». Тізім қосымша беріледі (№ 1 қосымша);

Тігілді: 160 сақтау бірлігі - № 37, 39, 268, 903, 924, 1211

8000 істі картондау көзделіп отыр - қ. 1356/50 «Ғылыми – техникалық қоғамның Көкшетау облыстық кеңесі», 1357/51 «Кино бойынша Көкшетау облыстық Кеңесі», қ. 1423/439 «Көкшетау облысының әкімі жанындағы статистика және анализ бойынша басқармасы», қ. 1293 «Ақмола облысының экология департаменті» ММ және т.б.

Өшiп бара жатқан 30 парақтың мәтiнiн қалпына келтiру, № 3 қор бойынша «Атбасар уездік денсаулық сақтау бөлімі» № 28 «Алексеевка азық – түлік және шикізат дайындау бойынша кеңсе», № 34 «Атбасар уездік жер бөлімі».

№ 1434 «Көкшетау облысының әкімі жанындағы орман шаруашылығы бірлестігі»,1437 «Көкшетау облыстық су шаруашылығы бөлімі» қорлары бойынша, аса құнды құжаттардың 25 сақтау бiрлiгiн айқындау. Қорлар тiзiмi қоса берiлген (№ 2 қосымша).

Аса құндықұжаттарды арнайы бөлек бөлмелерге көшiру жөнiндегi жұмысы жалғастырылады.

Бөлімде штаттық кестенің азайтылуына байланысты бөлімде басқармалық құжаттардың жағдайы мен бар болуын тексеру жұмысы азайтылды. Жеке құрам бойынша және басқару құжаттарының 10000 ісінің, күйі мен барына тексеріс өткізу жоспарланып отыр. Келесі қорлар істерінің күйі мен барына тексеріс өткізіледі: қ. № П-3260 «Қазақстан Компартиясының Көкшетау облыстық комитеті» және басқа да, фотоқұжаттар. (Қосымша 3).

Есеп беру кезеңінде 140 қордың есептік құжаттар жинағын салыстыру жалғастырылады.

Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінен берілген қорлардың істерін

қайта шифрлау жөніндегі жұмысы жалғастырылады. Бұл келесі қорлар: № П-3260-П-3293 барлығы 10000 сақтау бірлігі.

Жоспар бойынша ғылыми – анықтамалық аппаратының өңделуі және жетілдіруі бойынша жұмыс жүргізіледі. Осы жыл ағымында келесі қорлар тізімдемесінің өңделуі бойынша жұмыс жалғастырылады, 1934 - 1991 жылдардағы қ. № П-60 «Қазақстан компартиясының Атбасар аудандық комитеті»- 613 сақтау бірлігі.

1935-1991 жылдардағы Атбасар ауданы бастапқы партия ұйымдарының топтамасын құру жұмысы басталады, екенші тоқсанда – 13 қор, 305 сақтау бірлігі қайта өңделеді.

Барлығы: 918 сақтау бірлігі.

Архив сақтауындағы, сақтау мерзімі уақытша құжаттарына құндылық сараптамасын өткізу және бүгінгі күні тәжрибелік және тарихи маңыздылығын жоғалтқан, сақтау мерзімі біткен істерді актілеу көзделіп отыр. Белгіленген жұмыс түрімен жыл ағымында 2012 жылы барлығы – 436 сақтау бірлігі: «Уранликвидрудник» РМҚ; «ЭкоПолис» сақтандыру компаниясы» акционерліқ қоғамының Ақмола филиалы; «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ; «Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ;«Ақмола облысының балалар құқықтарын қорғау департаменті» ММ; «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ; «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКҚМ.

«Архивтік қор» бағдарламасына партиялық № П-76 - № П-503 – 200 қор енгізіледі.

Электрондық ХL бағдарлама тізім енгізіледі – 8000 сақтау бірлігі, Word бағдарлама 120 қор карточкаларды жұмыс жалғастырады.

Жылда түскен қорларға қор карточкаларын құрау, 2018 жылдың 01қазанына Ақмола облысының мемлекеттік архивінде архив паспорты жұмыс жалғастырады.

Төртінші тоқсанда құжаттар сілтемесін жетілдіру бойынша жұмыс аяқталады.

Мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың кұжаттарын мемлекеттік сақтауға алу, архив қоймасынан архив қызметкерлеріне істер беру жыл бойы жүргізіледі.

«Дезинфекция Кокшетау» ЖШС қызметімен ай сайын архив қоймаларында дезинфекциялық және дезинсекциялық тазалау жұмысы жүргізіледі. Керекті температуралық – ылғалдылық және санитарлық – гигиеналық режимін ұстап тұру жоспарланып отыр. Әр тоқсан сайын санитарлық күндерін өткізу, аспаптардың көрсетулеріне тұрақты бақылау жасау. Істелінген жұмыс жөнінде тұрақты есебін жүргізу.

Бөлім қызметкерлері мақала жазу облыстық газеттерде және басқа да облыстық мемлекеттік архивте өткізілетін барлық шараларға қатысады.

ҚР ҰАҚ қалыптастыру. Ведомстволықархивтердiңұйымдастыру-әдiстемелiкбасшылығыжәнемекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардыңiс-қағаздарынжүргiзудегiқұжаттардыұйымдастыру.

Бөлім қызметкерлері облыстық газеттерге мақалалар жариялауға, семинарлар өткізуге, экскурсия, аппараттық оқу, және т.б. облыстық архивте өтетін іс – шараларға қатысады.

Бөлімде тұрақты сақтаудағы 800 басқармалық құжаттарды, 50 азаматтардан, 25 фотоқұжат, 10 видеоқұжат қабылдауды жоспарлап отыр.

«Демещенко Сергей Викторович – ауған жауынгері», «Салық Г.Д. – ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ақмола облысының өлкетанушысы» қорлары құрылады, 1602 «Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы Қазақстанның еңбек ардагері, жазушы – драматург, публицист, Қазақстан Парламенті сенатының депутаты» қоры толықтырылады.

Келесі мекемелерде 1 істер номенклатурасы жасалып, 4 істер номенклатурасы, 5 ведомстволық архивтер туралы және сараптама комиссиясы туралы ережелер және 5 іс жүргізу қағидаларын жетілдіруде әдістемелік – тәжірибелік көмек көрсетіледі:

«Ақмола облысының прокуратурасы» ММ; «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының облыстық қан орталығы» ММ; «Ақмола облысының жерді қорғау және пайдаланылуын бақылау бойынша басқармасы» ММ Ақмола облысы әкімі жанындағы «Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеру және қайта дайындау аймақтық орталығы» « Ақмола облысының мемлекеттік сәулет – құрылысты бақылау басқармасы» ММ

Транспорт, архитектура, ауыл шаруашылығы және сот саласында 4 семинар өткізіледі:

Транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласында «Тұрақты түрде сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу жүргізу және ведомстволық архивке тапсыру». Білім саласында «Тұрақты түрде сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми техникалық өңдеу жүргізу»; Прокуратура, сот, қаржыландыру саласында «Ведомстволық архив паспорты және оны құрудың негізгі талаптары»; Денсаулық саласында «Істер номенклатурасын жаңа үлгілік тізбеге сай құрастыру».

Бөлім тұрақты түрде мекемелер мен ұйымдарға істер номенклатурасын жетілдіру, тұрақты түрде сақталатын және жеке құрам құжаттарына ғылыми – техникалық өңдеу жүргізу, ғылыми – анықтамалық аппарат құрастыру, жоюға бөлінген құжаттарға акт жасауда тәжірибелік – әдістемелік көмек көрсетеді.

 

Құжаттарды беру және пайдалану бөлімі

2018 жылғы құжаттарды беру мен пайдалану бөлімінің жұмысы қоғам мен мемлекетті ретроспективтік ақпаратпен, азаматтардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру үшін архив құжаттарын пайдалануға бағытталады.

Архивтің оқу залында архивтік құжаттардың зерттеушілері –ғылыми жұмысшылармен, студенттермен, Қазақстан Республикасы азаматтарымен және шет елден келген адамдармен жұмысын жалғастырады.

Қазақстан Республикасының ұйымдары мен азаматтарынан, алыс және жақын шет елдерден келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық сипаттағы сұраныстарын орындау жұмысы жалғасады.

«Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызмет Стандартына үлкен назар аударылады. Осы мақсатта халық арасында БАҚта және облыстық архив сайтында, электроныдық портал үкіметі мен ХҚКО арқылы архивтік ақпарат алудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, потенциалдық алушыларға архивтік ақпарат алу мүмкіндіктері туралы азаматтарға жеке консультациялар беру арқылы хабарлануда.

ХҚКО арқылы келіп түсетін өтініштерді рәсімдеуде қате жібермеу мақсатында ХҚКО қызметкерлеріне 2 семинар – лекция, 1 акция жүргізіледі, мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша 1 мақала дайындалады.

Қазақстан Компартиясы Целиноград аудандық комитетінің жоғары лауазымды тұлғалары туралы жеке каталог жасау бойынша жұмыс жалғасады (50 істі каталогтау, 1000 карточка құрастыру).

Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК жұмысына қатысу.

 

Ақпараттық технологиялар бөлімі

2018 жылда ақпараттық технология бөлімі келесі жұмыстарды жасауды жоспарлайды:

Жыл соңына дейін Архивтағы құжаттарды сканерлеу - 1451 (730) қордың көлемі 136284 беттен тұратын сақтау бірлігі 1600 құжаттарды сканерлеуді аяқтау жоспарлануда. 2018 жылы фотопленкаға жазу және оларды шығару жоспарланып отыр.

 

2.Облыстық мемлекеттік архив бағдарламасын қамтамассыз ету және өзекті жаңартуларды орнату - бағдарламалардың саны 80.

3.Басылымдарға, көрмелерге арналған құжаттарды сканерлеу және ескірген құжаттарды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру.

4.Ақмола облысы мемлекеттік архивінің Web - сайтын жаңалау. Ақмола облысы мемлекеттік архив сайтындағы тарауларды ай сайын жаңалау – 120 ақпарат еңгізу

Бөлім келесі негізгі қызметтерді атқарады:

Сайттың тоқтаусыз жұмысы Жаңа ақпаратты орналастыру және өзектілеу Функционалды кеңейту және қателерді жою сәйкес келетін сайт стилистикасымен және фирмалық стильмен визуалдық материалдарды құрастыру және орнату

5.Ақмола облысы мемлекеттік архив қызметкерлері сұраныстары бойынша шағын қателерді жою және компьютерлік оргтехникамен жұмыс жасау.

«Еңбек ардагері» базасына 268 қордың 1978 жылғы 1200 фамилияны енгізу жұмысы жалғасады. 5 рулон ,4000 кадр цифрлық деректерді микропленкаларға жазу. 5 рулон ,4000 кадр цифрлық деректерді айқындап шығару. Ақпараттық жүйелер бөлімнің жоспарын және есебін құрастыру-24

10.БАҚ баспасында шығатын - 1 мақала

Компьютерлік сауаттылық бойынша қызметкерлерге арналған дәріс

 

6. Ұйымдастыру – ақпараттық бөлімі

2018 жылы ұйымдастырушылық – ақпараттық бөлімі архив құжаттарын тарихи – мәдени мұраның маңызды бөлігі ретінде дәріптеу мақсатында бірқатар жұмыстар жиынтығы мен іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Ұйымдастырушылық – ақпараттық бөлімінің негізгі қызмет түрі – Ақмола облысының мемлекеттік архивінде сақтаулы Ұлттық архив қорының құжаттарына жан – жақты ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Ұйымдастырушылық – ақпараттық бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасы жетілдірген «Ақмола облысы архив құжаттарында», «Туған жерім тұғырым», «Архивтер сөйлейді» бағдарламаларын жүзеге асырады.

Жобаларды жүзеге асыру аясында келесі жұмыс түрлері жоспарланып отыр: ҚР мемлекеттік архивтерінен Ақмола облысына қатысты құжаттарды жинау, тақырыптық сағаттар, лекциялар, тарих сабақтары, экскурсиялар, жылжымалы көрмелерді ұйымдастыру, презентациялар ұйымдастыру және т.б.

Кітаптар дайындалып, шығарылады: «Ақмола аймағының бірінші басшылары», «Адамдар тарих ағымында», «Кеңес Одағының Батырлары», Жеңіс күніне, Саяси репрессиялардың құрбандарын еске алу күніне, Бараев А.И. –ВНИИЗХ директоры, социалистік еңбек еріне арналған кітаптарды дайындау және шығару.

Тың жерлер, білім тарихына арналған, денсаулық сақтау, дін, архив қызметінің ардагерлеріне арналған, Ақмола облысының тарихы, Атбасар уездінің тарихы, «Арқа ажары» газетінің материалдары бойынша «Хронограф – 2018», «Акмолинская правда» газетінің материалдары бойынша «Хронограф – 2018» кітаптарын дайындау.

Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының естелік күндеріне келесі тақырыптар бойынша 4 көрме дайындалады:

«Барлығы майдан, барлығы Жеңіс үшін» Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған фотоқұжаттық көрме (мамыр);

«Бар өмірдің мәні», А.И. Бараевтың 110 жылдығына арналған фотоқұжаттық көрме (шілде);

Ақмола аймақтық архив бюросының 95 жылдығына арналған фотоқұжаттық көрме (қазан);

Тыңайған жерлерді игеру бойынша фотоқұжаттар көрмесі(желтоқсан).

Іс- шараларды өткізу барысында қызығушы органдар мен тұлғаларды тарту, Көрмелер мен презентациялардың ашылуына студенттер, оқушылар, қатысушылар, БАҚ өкілдерін шақыру.

«Ақмола облысы архив құжаттарында» атты тұрақты жұмыс жасайтын көрме бойынша экскурсиялар жүргізіледі.

«Ақмола облысының құрметті тұрғындары» тақырыбына брошюралар дайындау. Ай сайын «арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінің материалдары бойынша «2018 жылғы оқиғалар хронографы» брошюраларын дайындау.

Архив қызметкерлерінің БАҚ жарияланған материалдарын жинау жұмысы жалғастырылуда, облыстық, қалалық, республикалық БАҚ 15 мақала жариялау көзделіп отыр.

 

Ғылыми – техникалық ақпарат. Кадрлардың біліктілігін арттыру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.

Қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архив iсiнiң мәселелерi бойынша нормативтi-құқықтық актiлердi жан-жақты оқып-үйрену ұйымдастырылады.

ҚР архив мекемелерінің оң тәжірибесін іс жүзінде белсенді қолдану, сонымен қатар ай сайын аппараттық оқуға 2018 жылға арналған аппараттық оқудың тақырыптары анықталып жоспар құрылды. Жедел кеңестерде жоспарлы көрсеткіштердің және ай сайынғы жұмыс жоспарының есебі тыңдалады. Атқарылған жұмысқа тұрақты есеп жүргізу.

Азаматтық қызметте 3 жыл өтуi бойынша және бiлiктiлiктi арттыру үшiн архив қызметкерлерiнiң аттестациясы өткiзiледi.

Мемлекеттiк тiлдi оқып-үйрену мақсатында сабақтар жалғасады. Барлық архив қызметкерлерi түрлi курстарда және басқа оқу түрлерiнде бiлiктiлiгiн арттыру жұмысы жоспарлануда.

Нақты мүмкiндiктерге қарай архив қызметкерлерiнiң және архив iсi ардагерлерiнiң әлеуметтiк қорғау мәселелерiне аса назар аударылады.

Түсінік хат:

Штаттық бірліктің басқа бөлімге берілуіне және бөлімнің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қосылуына байланысты құжаттарды мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімінде 2018 жылға арналған жұмыс жоспарында басқармалық құжаттардың жағдайы және бар болуын тексеру және ғылыми – анықтамалық аппаратты қайта өңдеу жұмыстары азайтылды.

 

Қосымша № 1

Реттікнөмері Қордыңнөмері Қордың атауы Сақтау бірлігі саны Ескертпе
1 П-25 Целиноград аул комитеті Қазақстан Компартиясының 8  
2 П-3260 Қазақстан Компартиясының Көкшетау облыстық комитеті, Көкшетау облысы 1  
3 34 Атбасар уездік жер бөлімі, Атбасар қ. 72  
4 35 Атбасар уездік азық – түлік комитеті 21  
5 37 Атбасар уездік кеңестік жұмысшы-шаруалар милициясы, Атбасар қ 17  
6 119 Ново-Александровка болыстық революциялық комиссиясы, Атбасар уезді 2  
7 120 Благодатный облыстық атқару комитеті, Ақмола облысы Атбасар уезді 3  
8 123 Таганрогский облыстық әскери комиссариаты, Ақмола губерниясы Атбасар уезді 1  
9 125 Новоселковский облыстық атқару комитеті, Ақмола губерниясы Атбасар уезді 2  
10 126 Таганрогский облыстық атқару комитеті, Ақмола облысы Таганрогское селосы 3  
11 127 Приречный облыстық әскери комиссариаты, Ақмола губерниясы Ақмола уезді 2  
12 129 Ново-Колутоновский облыстық атқару комитеті, Ақмола губерниясы Атбасар уезді 2  
13 140 Ақмола губерниялық әскери-азық-түлікпен жабдықтау бөлімінің уәкілі, Ақмола қ. 1  
14 189 Атбасар уездік әскери комиссариаты, Атбасар қаласы 1  
15 306 Старый Колутон облыстық жер басқармасы, Ақмола облысы Атбасар уезді 1  
16 350 3-ші ауданның кеңестік жұмысшы-шаруа милициясы, Ақмола уезді Николаевка селосы 1  
17 522 Ақмола облысының мемлекеттік қорғау басқармасы 1  
18 924 Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама ортылығы 1  
19 1021 Целиноград облыстық госплемстанция 6  
20 1037 Ақмола облыстық ауруханасы 5  
21 1149 «Фармация» Ақмола облыстық мемлекеттік кәсіпорны 119  
22 1211 «Жолаушы автокөліктерін тасымалдау басқармасының орталығы» МКК 3  
23 1239 «Ақмола-Авиа» АҚ 159  
24 1328 Көкшетау уезінің азаматтық актілерінің және метрикалық кітаптарының коллекциясы 8  
25 1434 Көкшетау облысы әкімінің жанындағы орман шаруашылық бірлестігі 4  
26 1437 Көкшетау облыстық су шаруашылық бөлімі 6  

Барлығы: 450 сақтау бірлігі

 

Қосымша № 2

Реттікнөмері Қордыңнөмері Қордың атауы Сақтау бірлігі саны Ескертпе
1 120 Благодатный облыстық атқару комитеті, Ақмола облысы Атбасар уезі Благодатное селосы 3  
2 125 Новоселковский облыстық атқару комитеті, Ақмола губерниясы Атбасар уезі Новоселковское селосы 2  
3 127 Приречный облыстық әскери комиссариаты, Ақмола губерниясы Ақмола уезі Приречное селосы 2  
4 129 Ново-Колутоновский облыстық атқару комитеті, Ақмола губерниясы Атбасар уезі Ново-Колутоновское селосы 2  
5 140 Ақмола губерниялық әскери-азық-түлікпен жабдықтау бөлімінің уәкілі, Ақмола қ. 1  
6 189 Атбасар уездік әскери комиссариаты, Атбасар қаласы 1  
7 306 Старый Колутон болыстық жер басқармасы, Ақмола облысы Атбасар уезі Старый Колутон селосы 1  
8 350 3-ші ауданның кеңестік жұмысшы-шаруа милициясы, Ақмола уезі Николаевка селосы 1  
9 522 Ақмола облысының мемлекеттік қорғау басқармасы 1  
10 1434 Көкшетау облысы әкімінің жанындағы орман шаруашылық бірлестігі 8  
11 1437 Көкшетау облыстық су шаруашылық бөлімі 6  
12 - Ақмола облысының бірінші халық санағы 1  

Барлығы: 29 сақтау бірлігі

 

Қосымша № 3

Реттікнөмері Қордыңнөмері Қордың атауы Сақтау бірлігі саны Соңғы күндері Ескерту
1 3261 «Қазақстан ЛКЖО Кокчетав облысының комитеті» 3603 1944-1991  
2 3262 Қазақстанның Комунистік партиясының Енбекшильдер аудандық комитеті 2262 1928-1991  
3 3263 Қазақстанның Комунистік партиясының Щучинск аудандық комитеті 9470 1928-1991  
4 3264 Қазақстан ЛКЖО Енбекшильдер ауыл комитеті 1441 1936-1992  
5 3266 Қазақстан ЛКЖО Кокчетав қалалық комитеті 2223 1942-1992  
6 3267 Кокчетав қаласының бастапқы партия ұйымдары мекемелері және кәсіпорындары құжаттарының мұрағаттық коллекциясы 311 1932-1997  
7 3268 «Ақмола губерниясы, Кокчетав уезі РКП(б) Вознесенка облыстық комитеті» 4 1921-1925  
8 3269 «Ақмола губерниясы ВКП(б) Кокчетав уездік комитеті» 1461 1917-1928  
9 3270 Қарағанды облысының жұмысшы-шаруа инспекциясы және ВКП(б) Көкшетау аудандық комиссиясы 100 1930-1934  
10 3271 Ақмола губерниясы БЛКЖО Көкшетау уездік комитеті 68 1920-1928  
11 3273 Ақмола губерниясы Көкшетау уездік комитетінің саяси ұяшығы 3 1925-1927  
12 3276 Қарағанды облысының Қазақстан ВКП(б) аудандық шаруалар комитеті 5 1929-1930  
13 3281 Көкшетау облысы Көкшетау аудандық партия комитетінің бастапқы партия ұйымы 31 1937-1980  
14 3292 Ақмола губерниясы Петропавл уезі Қазақстан ВКП (Б) Бейнеткор болыстық комитеті 18 1991-1993  

Барлығы: 21000 сақтау бірлігі

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.05.2020 18:08
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика