АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттік мұрағатының 2015 жыл бойынша жұмысы туралы есебі

Кiрiспе

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат туралы» ҚР Заңын басшылыққа ала отырып және өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенiн ескерiп, 2015 жыл бойы негiзгi назар облыстық мемлекеттiк мұрағаттың мұрағат жұмысын жетiлдiруге аударылды.

2015 жыл iшiнде әзiрленген жоспар бойынша 8 аппараттық оқу сабағы өткiзiлдi:

1.Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатының 2014 жылғы жұмысының нәтижесi және алдағы жылдың мiндеттерi мен қаржылық жылдың есебi туралы;

2.«Президенттiң Қазақстан халқына жолдауы, негiзгi бағыттары»;

3.«Виндоус оқу аппаратының /INDUS/ жұмыс iстеу әдiстерi мен принциптерi»;

4.«Жеке құрам бойынша бұйрықтарды рәсiмдеу»;

5.«Мемлекеттiк мұрағаттардың оқу залдарында зерттеушiлермен жұмыс жүргiзу тәртiбi»;

6.«Мұрағаттық құжаттарды беру тәртiбi және оның қортындысын рәсiмдеу»;

7. «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу тәртiбi және оның қорытындыларын рәсiмдеу»;

8.«Құжаттама жасаудың тәртiбi, құжаттарды дайындау және рәсiмдеу».

18 сараптау комиссиясының отырысы өткiзiлдi, сонымен қатар «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың тәртiбi туралы» ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңын орындау тұрғысынан жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша кешендi iс-шаралар жалғастырылуда.

Мұрағат қызметкерлерiмен жыл сайын қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулықтар өткiзiлiп тұрады.

А.ж. екiншi тоқсанында басқарманың СТӘК хаттамасымен келiсiлген негiзгi есептiк құжаттарды жүргiз бойынша әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлендi, сондай-ақ «Ақмола облысы ұйымдары мен мекемелерiнiң тарихы» жинағының бiрiншi бөлiмi дайындалып, басқарманың СТӘК хаттамасымен үшiншi тоқсанда келiсiлдi.

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу.

01.01.2016 жағдайы бойынша Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатында 1375 қор, 432381 сақт.бiрл. тiркелген, соның iшiнде:

-тұрақты сақталатын басқарушылық құжаттаманың 392467 сақт.бiрл.;

-ұзақ уақыт және уақытша сақталатын 3398 сақт.бiрл.;

-жеке құрам бойынша 24554 сақт.бiрл.;

-жеке шығу тегi бойнша 1993 сақт.бiрл.;

-ғылыми-техникалық құжаттаманың 869 сақт.бiрл.;

-фотоқұжаттардың 8424 сақт.бiрл.;

-дыбыстық құжаттардың 149 сақт.бiрл.;

-киноқұжаттардың 466 сақт.бiрл.;

-бейнеқұжаттардың 61 сақт.бiрл.

ҚҰжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу үшiн 450 сақтау бiрлiгiнiң жағдайы жақсартылды, соның iшiнде: «Атбасар уездiнiң халық бiлiм бөлiмi» № 33, «Фармация» Ақмола мемлекеттiк облыстық мемлекеттiк кәсiпорны» № 1149, «Ақмола-Авия» АҚ № 1239 қорларының 290 сақт.бiрл./300 парағы қалпына келтiрiлдi, (сол қорлардың) 8412 парақтан тұратын 160 сақт.бiрл. тiгiлдi.

Келесi қорлар бойынша 2200 сақт.бiрл.картондалды: «Ақмола-Авиа» АҚ № 1239, «Көкшетау облыстық ауруханасы» № 1496 және т.б.

«Атбасар уездiк кеңестiк жұмысшы-шаруа милициясы» № 37 қоры бойынша 25 парақтағы өшiп бара жатқан мәтiн қалпына келтiрiлдi.

«Атбасар уездiк халық ағарту бөлiмi» № 33 қоры бойынша аса құнды құжаттардың 25 сақт.бiрл. анықталды және оларға ҒАА құрылды. Анықталған аса құнды құжаттарға тiзiмдеме жүргiзiлдi.

64 қордың 20100 сақт.бiрл. күйi мен бар болуына тексерiс өткiзiлдi:

«Көкшетау облыстық мәслихаты» № 1409; «Көкшетау облыстық мал шаруашылығы шикiзаты бойынша кеңсесi» № 1411 және басқа да қорлар.

Құжаттардың бар болуын тексерудiң нәтижесiнде мұрағат құжаттарын табу туралы актiлер және есептiк құжаттарында техникалық қателер туралы акт жасалды: «ҚазКСР Министрлер Кеңесiнiң жанындағы Мал семiртетiн кеңшарлар мен мал дайындау бас басқармасының Кокчетав мал семiртетiн кеңшарлар мен мал дайындау трестi» № 1457 қорында қалдық 2 сақт.бiрл. көбейдi (04.05.2015 № 1 акт), «Ақмола облыстық Халық депутаттарының кеңесi» № 268 қорында қалдық 4 сақт.бiрл. көбейдi (31.03.2015 №1 акт), «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты» № 1432 қорында қалдық 1 сақт.бiрл. азайды (08.06.2015 № 1 акт), «Көкшетау облысының әкiмiнiң жанындағы облыстық орман шаруашылығы бiрлестiгi» № 1434 қорында қалдық 4 сақт.бiрл. көбейдi (11.06.2015 № 1 акт), «Көкшетау облысының қаржы басқармасы» № 1449 қорында қалдық 498 сақт.бiрл. көбейдi (16.06.2015 № 1, 2, 3 актiлер), «Көкшетау облыстық әскер, авиация мен флотқа көмек көрсету ерiктi қоғамының комитетi» № 1453 қорында қалдық 19 сақт.бiрл. көбейдi (23.06.2015 № 1 акт), «Кокчетав мемлекеттiк еңбек жинақ кассасы және мемлекеттiк несие басқармасы» № 1421 қорында қалдық 40 сақт.бiрл. азайды (23.06.2015 № 1 акт), «К.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансер» № 1478 қорында қалдық 4 сақт.бiрл. көбейдi (17.07.2015 № 1 акт), «Ақмола облыстық терi-венерологиялық диспансер» № 1481 қорында қалдық 1 сақт.бiрл. көбейдi (17.07.2015 № 1 акт), «Кокчетав облыстық кинофикация басқармасы» қалдық 3 сақт.бiрл. көбейдi (29.06.2015 № 1 акт).

Тексерiс нәтижесi бойынша мұрағат құжаттарын табу және есептiк құжаттарда техникалық қателiктер актiлерiне сәйкес есептiк құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi. Барлығы 494 сақт.бiрл. көбейдi.

Сақтандыру қорының таспа негiздегi құжаттарының бар болуына 1224 сақт.бiрл. iстi 722996 кадрды көзбен тексеру арқылы тексерiс жүргiзiлдi.

Дыбыс құжаттары тiзiмдемесiне ғылыми-анықтамалық аппарат (ҒАА) құрылды.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатынан берiлген № 1425, 1457, 1462 және т.б. қорлар iстерiн қайта шифрлау бойынша жұмыс жалғастырылды. Барлығы 20000 сақт.бiрл. қайта шифрланды.

Мемлекеттiк сақтауға қабылданды:

-таратылуына байланысты:

«Мемлекеттiк мүлiктi басқару бойынша Торғай аймақтық комитетi» ММ № 1603 қоры — тұрақты сақталатын 174 сақт.бiрл.;

«Көкшетау облыстық ауруханасы» № 1496 қоры — тұрақты сақталатын 27 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша 305 сақт.бiрл.;

«С.Сейфуллин атындағы Ақмола облыстық кiтапханасы» № 387 қоры — тұрақты сақталатын 84 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша 187 сақт.бiрл.;

«Кокчетав облыстық тұтынушылар одағы» № 1335 қоры — тұрақты сақталатын 2 сақт.бiрл.;

-қайта ұйымдастырылуына байланысты:

«Целиноград облыстық тұқымдық жұмыс пен қолдан ұрықтандыру бойынша мемлекеттiк бекетi» № 1021 қоры — жеке құрам бойынша 34 сақт.бiрл.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi комитеттiң Ақмола облысы бойынша департаментi» — тұрақты сақталатын 70 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша 33 сақт.бiрл.;

-ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталуына байланысты:

«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ № 903 қоры — тұрақты сақталатын 73 сақт.бiрл.;

«Облыстық психология-медициналық-педагогикалық кеңес» КММ № 1605 қоры — тұрақты сақталатын 90 сақт.бiрл.;

«Ақмола облыстық аумақтық басқармасы» № 1556 қоры — тұрақты сақталатын 25 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша 61 сақт.бiрл.;

«Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» — тұрақты сақталатын 151 сақт.бiрл.;

«Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» № 1290 қоры — тұрақты сақталатын 370 сақт.бiрл.;

«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi» № 1432 қоры — тұрақты сақталатын 60 сақт.бiрл.;

«Көкшетау көлiк прокуратурасы» № 1563 қоры — тұрақты сақталатын 18 сақт.бiрл.

-қайта құрылуына байланысты:

«Автомобиль көлiгi мен тас жолдары жұмысшылары кәсiподағының Целиноград облыстық комитетi» № 103 қоры — жеке құрам бойынша 114 сақт.бiрл.;

«Байланыс жұмысшылары кәсiподағының Целиноград облыстық комитетi» № 245 қоры — жеке құрам бойынша 60 сақт.бiрл.;

«Бүкiлодақтық сайлаушылар мен өнертапқыштар қоғамының Целиноград облыстық кеңесi» № 357 қоры — жеке құрам бойынша 73 сақт.бiрл.;

«Кино бойынша Целиноград облыстық кеңесi» № 493 қоры — жеке құрам бойынша 40 сақт.бiрл.;

«Медицина қызметкерлерi кәсiподағының Целиноград облыстық кеңесi» № 619 қоры — жеке құрам бойынша 43 сақт.бiрл.;

«Спартак» дене шынықтыру қоғамының Целиноград облыстық кеңесi» № 623 қоры — жеке құрам бойынша 63 сақт.бiрл.;

«Медицина қызметкерлерi кәсiподағының Кокчетав облыстық комитетi» № 1495 қоры — тұрақты сақталатын 237 сақт.бiрл.;

«Мемлекеттiк сауда және тұтынушылар қауымдастығы жұмысшылары кәсiподағының Кокчетав облыстық комитетi» № 1511 қоры — тұрақты сақталатын 15 сақт.бiрл.;

«Ақмола облыстық кәсiподақтар федерациясы» № 653 қоры — жеке құрам бойынша 1209 сақт.бiрл.;

«Агроөндiрiстiк кешен кәсiподағының Ақмола облыстық комитетi» № 656 қоры — жеке құрам бойынша 357 сақт.бiрл.;

«Халықтық бiлiм және ғылым жұмысшылары кәсiподағының Целиноград облыстық комитетi» № 658 қоры — жеке құрам бойынша 71 сақт.бiрл.;

«Мәдениет жұмысшылары кәсiподағының Целиноград облыстық комитетi» № 821 қоры — жеке құрам бойынша 30 сақт.бiрл.;

«Жергiлiктi өнеркәсiп және коммуналды-тұрмыстық кәсiпорындар жұмысшылары кәсiподағының Целиноград облыстық комитетi» № 902 қоры — жеке құрам бойынша 38 сақт.бiрл.;

«Құрылыс және өнеркәсiп-құрылыс материалдары жұмысшылары кәсiподағының Целиноград облыстық комитетi» № 948 қоры — жеке құрам бойынша 160 сақт.бiрл.;

«Электр станциясы және электротехникалық өнеркәсiп жұмысшылары кәсiподағының Целиноград облыстық комитетi» № 951 қоры — жеке құрам бойынша 21 сақт.бiрл.;

«Ақмолатурист» Ақмола облыстық туристiк-экскурсиялық өндiрiстiк бiрлестiгi» № 1000 қоры — жеке құрам бойынша 105 сақт.бiрл.;

«Ғылыми және инженерлiк қоғамдар одағының Целиноград облыстық кеңесi» № 1050 қоры — жеке құрам бойынша 13 сақт.бiрл.;

«Еңбек» ерiктi спорт қоғамының Целиноград облыстық кеңесi» № 1085 қоры — жеке құрам бойынша 70 сақт.бiрл.;

«Қайрат» ерiктi спорт қоғамының Целиноград облыстық кеңесi» № 1113 қоры — жеке құрам бойынша 53 сақт.бiрл.;

«Орман, қағаз және ағаш жасау өнеркәсiбi жұмысшылары кәсiподағының Целиноград облыстық комитетi» № 1159 қоры — жеке құрам бойынша 18 сақт.бiрл..

Әскери тарих зерттеушiсi Д.Игсатовадан Ақмола облысының тарихы бойынша құжаттардың табылуына және алынуына байланысты № 1115 қорына «Ақмола облысының тарихы бойынша құжаттар топтамасы» № 10 тiзiмдемесiне 5 сақт.бiрл. қабылданды. Ғылыми-анықтамалық аппарат құрылды: негiзгi бетi, алғы сөзi, тiзiмдемесi. «Еңбекшiлер депутаттарының Целиноград облыстық кеңесi және оның атқарушы комитетi» № 268 қорынан «Ақмола облысының тарихы бойынша құжаттар топтамасы» № 1115 қорына 1 сақт.бiрл. берiлдi.

2013 жылы Қазақстан Республикасында қазақ жерiнiң бiртуар мемлекет қайраткерi Абылай ханның туған күнiнiң 300 жылдық мерейтойын тойлауға байланысты Абылай ханның қызметi туралы құжаттар топтамасы құрылды, № 1115 қорына «Ақмола облысының тарихы бойынша құжаттар топтамасы» № 10 тiзiмдемесiне 18 сақт.бiрл. қабылданды.

-сайлау компаниясының аяқталуына байланысты:

«Ақмола облыстық сайлау комиссиясы» № 1320 қоры — тұрақты сақталатын 95 сақт.бiрл.

Барлығы 4671 сақт.бiрл. қабылданды, соның iшiнде тұрақты сақталатын құжаттардың 1514 сақт.бiрл., жеке құрам бойынша 3158 сақт.бiрл.

Облыстық мемлекеттiк мұрағаттық жеке тектiк қорлары мына құжаттармен толықтырылды:

-«Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы — мемлекеттiк қызметкер, публицист және қоғам қайраткерi» № 1604 қоры — 33 сақт.бiрл., тұрақты сақталатын 316 құжат;

-«Темiрбаева Күләш Хаджанқызы — Қазақ КСР халық ағарту iсiнiң озаты, қоғам қайраткерi, тыл еңбеккерi, еңбек ардагерi. Көкшетау қаласының құрметтi азаматы» № 1606 қоры — 32 сақт.бiрл. 67 құжат;

-«Байкен Өмiрбек Кәкiмұлы — Қазақ КСР еңбек сiңiрген дәрiгерi, хирург-онкологтар қоғамының мүшесi, қоғам қайраткерi, еңбек ардагерi, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы» № 1607 қоры — 34 сақт.бiрл. 48 құжат;

-«Қажымов Мырзағали Тыныбекұлы — Ұлы Отан соғысының ардагерi, еңбек ардагерi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң зейнеткерi» № 1609 қоры — 22 сақт.бiрл. 48 құжат.

121 сақт.бiрл. 479 құжат қабылданды.

Өтiнiштiң негiзiнде «Батырханов Б.М. — Ұлы Отан соғысының ардагерi, кеңес, партия және комсомол жұмысшысы, қоғамдық қайраткер, одақтық маңыздағы дара зейнеткер, Қазақ КСР еңбек сiңiрген жұмысшысы, Көкшетау қаласының Құрметтi азаматы» № 1589 қорынан мұрағаттық құжаттар меншiк иесiне қайтарылды — қалдық 2 сақт.бiрл., 2 құжатқа азайды.

Барлығы: 119 сақт.бiрл. 477 құжат.

13 сақт.бiрл. 5 есептеу бiрл. бейнеқұжат, 31 сақт.бiрл. 31 есептеу бiрл. фотоқұжат мемлекеттiк сақтауға қабылданды.

№ 1603-тен № 1609-ға дейiн жаңа жетi қор құрылды:

«Мемлекеттiк мүлiктi басқару бойынша Торғай аймақтық комитетi» ММ № 1603;

«Сыздықов Тұрғын Ысқақұлы — мемлекеттiк қызметкер, публицист және қоғам қайраткерi» ММ № 1604;

«Облыстық психология-медициналық-педагогикалық кеңес» КММ № 1605;

«Темiрбаева Күләш Хаджанқызы — Қазақ КСР халық ағарту iсiнiң озаты, қоғам қайраткерi, тыл еңбеккерi, еңбек ардагерi. Көкшетау қаласының құрметтi азаматы» № 1606;

«Байкен Өмiрбек Кәкiмұлы — Қазақ КСР еңбек сiңiрген дәрiгерi, хирург-онкологтар қоғамының мүшесi, қоғам қайраткерi, еңбек ардагерi, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы» № 1607;

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi комитеттiң Ақмола облысы бойынша департаментi» № 1608;

«Қажымов Мырзағали Тыныбекұлы — Ұлы Отан соғысының ардагерi, еңбек ардагерi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң зейнеткерi» № 1609.

Жарты жылдың iшiнде «Қазақстан компартиясының Целиноград аудандық комитетi» № 25 қорының тiзiмдемелерiн қайта жазу бойынша жұмыс жалғастырылды:

-бiрiншi тоқсанда жұмыс үшiн тiзiмдеме бойынша 335 сақт.бiрл., өңдеуге 333 сақт.бiрл. алынды, қайта жазудың нәтижесiнде 369 сақт.бiрл. қайтадан тiзiмдемелер құрылды, қалдық 34 сақт.бiрл. көбейдi;

-екiншi тоқсанда өңдеуге 329 сақт.бiрл. алынды, қайта жазудың нәтижесiнде 303 сақт.бiрл. тiзiмдемелер құрылды, қалдық 26 сақт.бiрл. азайды;

-төртiншi тоқсанда 414 сақт.бiрл. алынды, қайта жазудың нәтижесiнде 415 сақт.бiрл. қайтадан тiзiмдемелер құрылды, қалдық 1 сақт.бiрл. көбейдi.

Барлығы 1087 сақт.бiрл. қайта жазылды, қайта жазудың нәтижесiнде қалдық 9 сақт.бiрл. көбейдi.

Алғашқы партиялық ұйымдардың топтамасы құрылды:

-«Степногорск қаласының алғашқы партиялық ұйымдары мен мекемелерiнiң топтамасы» № П-26 қоры 342 сақт.бiрл. қайтадан тiзiмдемелер құрылды. Өңдеуге 355 сақт.бiрл. алынды, қайта жазудың нәтижесiнде 6 қорға және 13 сақт.бiрл. азайды;

-«Степногорск қаласының алғашқы партиялық ұйымдары мен мекемелерiнiң топтамасы» № П-26 қоры 251 сақт.бiрл. қайтадан тiзiмдемелер құрылды. Өңдеуге 309 сақт.бiрл. алынды, қайта жазудың нәтижесiнде 10 қорға және 58 сақт.бiрл. азайды.

Барлығы 593 сақт.бiрл. қайта жазылды, қайта жазудың нәтижесiнде қалдық 16 қорға, 71 сақт.бiрл. азайды.

Барлығы 1680 сақт.бiрл. қайта жазылды.

Мемлекеттiк сақтауда жатқан сақтау мерзiмi уақытша құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзiлдi — 7 қордың 388 сақт.бiрл.:

-«Уранликвидрудник» РМК — 22 сақт.бiрл.;

-«Қазақстан Наруз Банкi» АҚ астаналық филиалы — 144 сақт.бiрл.;

-«Эко Полис» АҚ Ақмола филиалы — 3 сақт.бiрл.;

-«Мобильдiк дайындық бойынша басқарма» ММ — 103 сақт.бiрл.;

-«Ақмола облысы бойынша көшi-қон жөнiндегi департамент» ММ — 42 сақт.бiрл.;

-«Балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi департамент» ММ — 51 сақт.бiрл.;

-«ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ — 23 сақт.бiрл.

Excel электрондық нысанында қор карточкалары терiлдi — 1384 карточка.

Excel электрондық нысанында тiзiмдемелердi теру бойынша жұмыс жалғасуда — 135000 сақт.бiрл.

№№ 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9 мұрағат қоймаларының төлқұжаты жасалды.

Есептiк кезеңде мұрағат жұмысшыларына мұрағат қоймаларынан 6850 сақт.бiрл. берiлдi.

Аптасына екi рет бақылау өлшеу аспаптарының көмегiмен температуралық-ылғалдық режимдi бақылау жүргiзiледi, көрсеткiштер температуралық-ылғалдық режимдi тiркеу журналына жазылады.

Ай сайын мұрағат қоймаларына дезинфекциялық және дезинсекциялық өңдеу жүргiзiледi.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мүрағат қорын қалыптастыру, ведомстволық мұрағаттарды және ұйымдар, мекемелер мен кәсiпорындардың iс жүргiзуiнде құжаттарды ұйымдастыруын ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басқару

Есептiк кезеңде Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатының ведомстволық мұрағаттарға бақылау жүргiзу бөлiмiнiң жұмысы облыстық құрылымдардағы құжаттау процесiнiң және құжаттаманы басқарудың жағдайын жақсартуға бағытталды.

Жаңа облыстық ведомстволардың қалыптасуына және мекемелер мен ұйымдардың құрылымының өзгеруiне байланысты бөлiм қызметкерлерiнiң тiкелей қатысуымен 2 iстер номенклатурасы әзiрлендi және СТӘК хаттамасымен бекiтiлдi:

1. «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттiк мекемесi,

2. «ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментi» РММ.

Келесi мекемелер мен ұйымдардың 15 номенклатурасы жетiлдiрiлдi және Стәк хаттамасымен келiсiлдi:

1.«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ;

2.«Ақмола облысының мәдениет басқармасының жанындағы Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыка-драмалық театры» МКҚК;

3.«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң агроөндiрiс кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң «Республикалық ветеринария зертханасы»;

4.«Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы;

5.«Ақмола облысының әдiлет департаментi» РМК;

6.«Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ;

7.Ақмола облысының «Өрт сөндiрушi» АҚ филиалы;

8.«НҰР Отан партиясы» қоғамдық бiрлестiгiнiң Ақмола облыстық филиалы;

9.«Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынау бойынша инспектурасы» ММ;

10. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалы;

11.«ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк кiрiстер департаментi» РММ;

12.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Ақмола облыстық психиатрия ауруханасы» МКҚК;

13.«Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ;

14.«Ақмола облысының бiлiм басқармасы» ММ;

15.«Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы» ММ.

Бөлiм қызметкерлерiмен 27 iстер номенклатурасы келiсiлдi.

Келесi ұйымдардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде iс жүргiзу бойынша 12 ережесi басқарманың СТӘК келiсiлдi:

1.«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөндiрiс кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң «Республикалық ветеринария зертханасы»;

2.«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ;

3.«Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ;

4.«Ақмола облысының әдiлет департаментi» РМК;

5.«Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыка-драмалық театры» МКҚК;

6.Ақмола облысының мәдениет басқармасының жанындағы «Ақмола облыстық орыс драма театры» МКҚК;

7.«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ;

8.«Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынау бойынша инспектурасы» ММ;

9.«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалы;

10.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң «Агроөндiрiс кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

11.«Ақмола облысы бойынша индустрия және өнеркәсiп қауiпсiздiгi комитетiнiң департаментi» ММ;

12.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Ақмола облыстық психиатрия ауруханасы» МКҚК.

Келесi ұйымдардың ведомстволық мұрағаттары мен сараптау комиссиялары туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi 17 ережесi басқарманың СТӘК келiсiлдi:

1.«ҚР ТЖ департаментiнiң өрт сөндiру және апаттан құтқару жұмыстары қызметi» ММ;

2.«Қылмыстық iстер жөнiндегi Ақмола ауданаралық мамандандырылған соты» ММ;

3.«Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң «Солтүстiк қазжер қойнауы» Солтүстiк Қазақстан өңiраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi» РМК;

4.«Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы;

5.Ақмола облысының «Өрт сөндiрушi» АҚ филиалы;

6.«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөндiрiс кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң «Республикалық ветеринария зертханасы»;

7.«Ақмола облысының статистика департаментi» ММ;

8.«Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ;

9.«Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ;

10.«Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыка-драмалық театры» МКҚК;

11.Ақмола облысының мәдениет басқармасының жанындағы «Ақмола облыстық орыс драма театры» МКҚК;

12.«Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынау бойынша инспектурасы» ММ;

13.«Ақмола облысы бойынша индустрия және өнеркәсiп қауiпсiздiгi комитетiнiң департаментi» ММ;

14.«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ;

15.«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалы;

16.«ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» ММ;

17.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Ақмола облыстық психиатрия ауруханасы» МКҚК.

4 семинар өткiзiлдi — 2015 жылғы 21 қаңтарда ЗТЖМО жүйесiнiң қызметкерлерiне «Iстердiң қалыптасуы және сақталуы. Iстердi ұйым мұрағатына тапсыру. Мұрағаттық жұмыстың нормативтiк-құқықтық базасы» тақырыбы бойынша семинар өткiзiлдi. Мәдениет саласының қызметкерлерi үшiн (33 адам қатысты) 2015 жылғы 05 маусымда «Кадр құжаттарын жүргiзу. Iстердiң қалыптасуы және сақталуы. Iстердi ұйым мұрағатына тапсыру» тақырыбына мемлекеттiк тiлде семинар өткiзiлдi (19). Сондай-ақ «Сақтау мерзiмi тұрақты құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу» тақырыбында денсаулық сақтау және БАҚ салалары қызметкерлерi үшiн семинар өткiзiлдi (20). Ауыл шаруашылығы және көлiк саласындағы қызметкерлерге «Тұрақты сақталатын құжаттардың құндылығын сараптау» семинары болды (11).

Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының СТӘК хаттамасымен 2014-2015 жылдардағы бейнеқұжаттамаларға 13 сақт.бiрл., 5 есептеу бiрл. тiзiмдемелер, фотоқұжаттарға 31 сақт.бiрл., 31 есептеу бiрл. тiзiмдемелер бекiтiлдi, сондай-ақ Қазақ КСР халық ағарту iсiнiң озаты, қоғам қайраткерi, тыл еңбеккерi, еңбек ардагерi, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы — Темiрбаева Күләш Хаджанқызының жеке тектiк құжаттарына 32 сақтау бiрлiгi, 45 құжат көлемiнде тiзiмдемелер, Қазақ КСР еңбек сiңiрген дәрiгерi, хирург-онкологтар қоғамының мүшесi, қоғам қайраткерi, еңбек ардагерi, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы — Байкен Өмiрбек Кәкiмұлының жеке тектiк құжаттарына 34 сақтау бiрлiгi, 47 құжат көлемiнде тiзiмдемелер бекiтiлдi. Ұлы Отан соғысының ардагерi, еңбек ардагерi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң зейнеткерi — Қажымов Мырзағали Тыныбекұлы — 22 сақт.бiрл. және 48 құжат.

Жыл бойы облыстық маңызы бар 126 мекеме мен ұйымның iс жүргiзу қызметiнiң жұмысшыларына үнемi кеңестер берiлдi. Бөлiм қызметкерлерi «Халық Банк» АҚ Ақмола филиалы мен «Нұр Отан партиясы» ҚБ Ақмола облыстық филиалына, «Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы» ММ, «Ақмола облысы бойынша ҚР халқын бақылау және әлеуметтiк қорғау департаментi» ММ, «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы» ММ, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» ММ, «Ақмола облысының бiлiм басқармасы» ММ, «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментi» ММ және т.б. ұйымдарға бару арқылы кеңестер бердi.

Бөлiм қызметкерлерi тiзiмдемелердi электрондық нұсқаға ауыстыру бойынша жоспардан тыс жұмыс жүргiздi. Есептi тапсыру кезеңiнде 14008 сақт.бiрл. енгiзiлдi. Бөлiм мұрағатшыларының жұмыс уақытын есептеу хронометражы жүргiзiлдi.

Бөлiм басшысы Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының СТӘК 64 шешiмдi құрды және тексердi.

3. Ақпараттық-iздеу жүйелерiн құру, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң жұмысы Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатының 2015 жылға арналған бекiтiлген жұмыс жоспарына сәйкес жүргiзiлдi.

2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 70 жылдығына арналған «Соғыс. Жеңiс. Естелiк» («Война. Победа. Память») құжаттар жинағы дайындалды. Кiтап жерлестерiмiздiң жеңiс үшiн қосқан үлестерi, ақмолалық батырлар туралы, жауға қарсы төтеп берiп, жеңiске қол жеткiзгендердiң тарихы туралы әңгiмелейдi. Жинаққа төрт бөлiмде орналасқан 104 құжат енгiзiлдi. Мемлекеттiк мұрағаттың құжаттары жинақты басып шығарудың дереккөзi болды, сондай-ақ Ақмола облысының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құжаттары, өткен жылдардың деректi басылымдары, азаматтардың отбасылық мұрағаттары, мерзiмдi басылымдардың жарияланымдары да қолданылды.

Сәуiрде Жеңiстiң 70 жылдығына арналған «Жеңiмпаздар. Ақмолалықтар Ұлы Отан соғысының майданында» («Победители. Акмолинцы на фронтах Великой Отечественной войны») мұрағат құжаттарының көрмесi (1) ашылды. Жаңа экспозиция жерлестерiмiздiң Ұлы Отан соғысындағы шайқастарға ерлiкпен қатысуы туралы куәландыратын құжаттармен ұсынылды. Көрменiң тақырыптық бөлiмдерi облыста құрылған жауынгерлiк құрамалар, тарихи оқиғалардың кейбiр ақмолалық қатысушылары, Кеңес Одағының Батырлары туралы баяндады, қорытынды бөлiм бүгiнгi кезеңге — соғыс ардагерлерiне арналған. Экспозициялық жоспарға 54 жәдiгер енгiзiлген: соғыс жылдарындағы фотосуреттер, газеттер, марапаттау құжаттары, жетекшi органдардың құжаттары, соғыс ардагерлерiнiң топтық суреттерi, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құжаттары қолданылған.

2015 жылғы 29 сәуiрде көрменiң ашылу күнi Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатынада Жеңiстiң 70 жылдығына арналған брифинг өткiзiлдi. Брифингте Ақмола облысының қорғаныс департаментiнiң, Ардагерлер кеңесiнiң, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Ақмола облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының, облыстық, қалалық баспасөз және электрондық БАҚ, телевизия өкiлдерi қатысты. Жиналғандардың алдында облыстық мемлекеттiк мұрағатының директоры сөз сөйледi, ол Ақмола облысы тұрғындарының Жеңiске қосқан үлкен үлесi, мұрағат құжаттары, оларды жинақтау, сақтау және пайдалану бойынша жұмыс туралы баяндады. Сөзiнiң соңында ол ұйымдардың өкiлдерiне, БАҚ арқылы облыстың барлық тұрғындарына үндеу жасады. Ол құжаттарды сақтау үшiн ең жақсы мүмкiндiктермен қамтамасыз ететiн, халыққа қызмет ететiн мұрағатқа тапсыруға шақырды. Өткiзiлген iс-шаралар туралы хабарламалар жергiлiктi газеттерде, «Астана» телеарнасында, Ақмола облыстық телевизияда жарияланды.

Маусымда Социалистiк Еңбек Ерi, мемлекет, партия қайраткерi, Қазақстан КП Кокчетав обкомының бiрiншi хатшысы — Е.Н.Әуелбековтiң 85 жылдығына арналған «Адам. Патриот. Азамат» мұрағат құжаттарының көрмесi (2) дайындалды. Е.Н.Әуелбеков өңiрiмiздiң тарихына соңынан игi iз қалдырған адам, әйгiлi тұлға ретiнде ендi. Көрменiң экспозициялық жоспарына 41 жәдiгер енгiзiлдi — өмiрi мен қызметi туралы құжаттар, облыс орталығының қарқынды дамыған кезеңi — 70 жылдардағы Кокчетав қаласының көрiнiстерiн, жаға тұрғызылған ғимараттарын, ескерткiштерiн түсiрiп алған фотосуреттер. Көзбен шолу қатарын нығайту мақсатында сондай-ақ Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатының фотоқұжаттары, 1974 жылы басып шығарылған «Город Кокчетав. 150 лет» ашықхаттар жинағындағы қаланың көрiнiстерi суреттелген түрлi түстi суреттер қолданылған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының мерейтойына «Ата заң — мемлекеттiк негiз» мұрағат құжаттарының көрмесi (3) арналды. Экспозициялық жоспарға 48 жәдiгер енгiзiлдi: Президенттiк негiзгi Жарғылары, республика Үкiметiнiң қаулылары, егемендi Қазақстанда болған экономика мен әлеуметтiк-мәдени саланың маңызды өзгеру процесстерiн түсiрiп алған мұрағат құжаттары мен фотосуреттер.

Көрменiң ашылу күнi 27 тамызда облыстық мемлекеттiк мұрағатта «Қазақстан Республикасының Конституциясы — халық бiрлiгiнiң негiзi» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы өткiзiлдi. Қатысушылар егемендi Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Конституцияның тарихи рөлiн, оның стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудағы маңызын талқылады.

Қазанда қазақ мемлекеттiгiнiң қалыптасуының 550 жылдығына арналған «Ғасырлар үнi» құжаттар мен материалдар тақырыптық көрмесi (4) әзiрлендi. Экспозициялық жоспарға облыстық мемлекеттiк мұрағаттағы неғұрлым көне тарихи құжаттар мен материалдар ендi. Олардың iшiнде ұлы Абылай хан туралы мәлiметтерден, 1860 жылғы дала облыстарының карталарынан, Ақмола облысының 19 ғасырдағы картасынан, тарихымыздың көне оқиғаларының куәлары болып табылатын тарихи орындар мен ғимараттардың фотосуреттерiнен тұратын 18 ғасырдың құжаттары бар.

Қарашада ҚР Тұңғыш Президентi күнiне арналған «Н.Ә.Назарбаев — халық Президентi» мұрағат құжаттарының көрмесi (5) әзiрлендi. Экспозициялық жоспарға 44 жәдiгер ендi: мемлекет негiзiн қалаушы Н.Ә.Назарбаевтан жолы ажырамайтын тәуелсiз Қазақстан тарихының негiзгi және жарқын сәттерiн көрсететiн аса маңызды құжаттар, газет мақалалары, фотосуреттер. Қосымша жәдiгерлер ретiнде бөлек стендте рәсiмделген көркем кеңформатты фотосуреттер, тақырып бойынша кiтаптар қолданылды.

Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасына Кокчетав уездiнiң көлiк бөлiмiнiң ұйымдастырылған күнiне 95 жыл толуына орай өңiрдiң көлiк және жол-құрылыс қызметiнiң тарихы туралы баяндайтын ақпараттық хат әзiрлендi.

Бұқаралық ақпарат құралдарына мұрағат қызметкерлерiнiң мақалаларын жариялау бойынша жұмыс жалғастырылды, 14 мақала жарияланды. 17.01.2015 «Акмолинская правда» газетiнде облыстың байырғы оқу орнының қалыптасуының 90 жылдығына арналған «Габит Мусрепов преподавал в Щучинском лесном техникуме» (авторы Салық Г.Д.) мақаласы (1) жарияланды; 19.02.2015 «Акмолинские вести» газетiнде «Из истории физкультуры и спорта в Акмолинской области» (авторы А.Шәрiпов) мақаласы (2); 26.02.2015 «Акмолинская правда» газетiнде облыстың мемлекеттiк мұрағатының мұрағаттық құжаттарды әйгiлiлендiру мен жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарын орындау жұмысы туралы, сондай-ақ «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет аясындағы сұранымдармен жұмысы туралы «Сохраняя документальное богатство» (авторы Салық Г.Д.) мақаласы (3); 19.03.2015 «Акмолинское вести» газетiнде алғашқы тың игерушi, жеке тектiк қоры облыстық мұрағатта сақталып жатқан ауыл шаруашылығының ардагерi туралы «85-летию Корябкина В.Д.» (авторы Шамғанова Г.Қ.) мақаласы (4); 16.04.2015 «Көкшетау» газетiнде халықтың Ақмола облысына қоныс аударуы туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Жарты құртты жарып жеп…» (авторы Салық Г.Д.) мақаласы (5); 12.05.2015 «Степной маяк» газетiнде жеке тектiк қоры облыстық мұрағатта сақталып жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерi, iшкi iстер органдарының ардагерi К.Қаженов туралы «Человек высокой морали» (авторы Салық Г.Д.) мақаласы (6); 14.05.2015 сол газетте Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Будапешттi азат ету үшiн қаза тапқан Болат Қайрошев туралы «Отец сыну пример» (авторы Салық Г.Д.) мақаласы (7); осы мақала «Қазақстан мұрағаттары» журналының 2-нөмiрiнде жарық көрдi. «Известия национального центра археографии и источниковедения» журналының 1-нөмiрiнде облыстық мемлекеттiк мұрағаттың қызметi туралы баяндайтын мақала (8) (авторы Салық Г.Д.) жарық көрдi. «Степной маяк» газетiнде (№ 36, 07.08.2015) өңiрiмiздiң статистика органдарының қалыптасуының 95 жылдығына арналған «Бесценный источник знаний» (авторы Ұзақпаева Қ.Ж.) мақаласы (9); 21.07.2015 «Акмолинская правда» газетiнде «Атбасару 170 лет» (авторы Салық Г.Д.) мақаласы (10); «Известия национального центра археографии и источниковедения» журналының 2-нөмiрiнде директор Г.Д.Салықтың «Обеспечение доступа граждан к архивной информации» мақаласы (11) жарияланды. 20.09.2015 «Степной маяк» газетiнде ағымдағы жылы 110 жасқа толған Көкшетау облыстық типографияның тарихы туралы «От газетных строк до верстки номера» (авторы Салық Г.Д.) мақаласы (12); 01.10.2015 «Акмолинская правда» газетiнде қазақ ғалымы, халық фольклорын зерттеушi және жинақтаушы, ағартушы Ш.Уәлиханов туралы «Промелькнувший метеор» мақаласы (13), осы газетте соғыс қатысушысы Болат Қайрошев туралы «Он мог бы гордится своими детьми» (авторы Салық Г.Д.) мақаласы (14) жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мұрағат қызметi туралы ақпараттар бiрнеше мәрте жарияланды. «Акмолинская правда» газетiнде Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналған, облыстық мемлекеттiк мұрағаттың көрмесi туралы газеттiң жеке корреспондентiнiң «История в документах» мақаласы, республикалық «Казахстанская правда» газетiнде жеке корреспондент Ч.Ташеновтың Қазақ мемлекетiнiң 550 жылдығына арналған көрме туралы «Свидетеьствует карты» атты мақаласы жарық көрдi. 01.12.2015 «Любимый город» газетiнде Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатында сақталып жатқан 18-19 ғасыр құжаттары туралы «История на бумаге» мақаласы жарияланды. 08.12.2015 осы газетте облыстық мемлекеттiк мұрағаттың басшысы Г.Д.Салықпен сұхбат жарияланды.

Ақмола телевизиясында Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен мұрағат қызметiн насихаттайтын сюжеттер көрсетiлдi. 17 қаңтардағы сюжет (1) Кеңес Одағының Батырлары туралы құжаттарға, осы мұрағаттық мұраны «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты басып шығаруға дайындап жатқан кiтапты әзiрлеуге пайдалануға арналды; 04.02.2015 телебағдарлама (2) 106-кавалерия дивизиясы туралы болды, оның көрiнiстерiнiң бiрi Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатының қабылдаған құжаттары едi; 23.04.2015 Ұлы Отан соғысы қатысушыларының жеке тектiк қорларындағы құжаттар туралы сюжет (3) жарыққа шықты; 30.04.2015 сюжет (4) Жеңiстiң 70 жылдығына арналған облыстық мемлекеттiк мұрағаттың iс-шараларын (брифинг, мұрағат құжаттарының көрмесi) баяндады; 08 тамыздағы сюжет (5) Социалистiк Еңбек Ерi, Қазақстан КП Кокчетав обкомының бiрiншi хатшысы — Е.Н.Әуелбековке арналған «Адам. Патриот. Азамат» мұрағат құжаттарының көрмесi туралы әңгiмеледi; 13.07.2015 мұрағат қызметкерлерiнiң Халыққа қызмет көрсету орталығында өткiзген «Мұрағат анықтамаларын беру» қызметiн көрсету мәселелерi бойынша семинар туралы сюжет (6) жарық көрдi. 05.11.2015 Ақмола телевизиясында Қазақ мемлекетiнiң 550 жылдығына арналған «Ғасырлар үнi» көрмесiнiң құжаттары туралы телесюжет (7) шықты. 03.12.2015 ҚР Тұңғыш Президентi күнiне арналған көрменiң ашылуы туралы сюжет (8) жарияланды.

11 экскурсия өттi. Экскурсиялар 05.01.2015, 26.05.2015, 29.05.2015, 07.07.2015, 27.08.2015, 04.11.2015, 02.12.2015, 04.12.2015, 09.12.2015, 14.12.2015 өткiзiлдi. Әр түрлi уакытта экскурсияға Ш.Уәлиханов атындағы университеттiң, А.Мырзахметов атындағы университеттiң студенттерi, Қорғаныс Департаментiнiң әскери-техникалық мектебiнiң курсанттары, «Бурабай» колледжiнiң, Ақан серi атындағы мәдениет колледжiнiң оқушылары қатыстыонда жастар мекеме жұмысының негiзгi бағыттарымен танысты, мұрағат қоймаларында болды, жаңа мұрағат көрмелерiнiң экспозицияларын тамашалады.

Президент мектебiнде Жеңiстiң 70 жылдығына арналған, 106-кавалерия дивизиясы туралы «Ақмолада жасақталған» лекция-сабағы (2) өткiзiлдi. Сабақтар мемлекеттiк тiлде жүргiзiлдi. 4 ақпанда №2 ХҚКО-да ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң қызметкерлерi «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi жақсарту мәселелерi бойынша семинар-лекция (3) өткiздi. 10.07.2015 бөлiм қызметкерлерi №1 ХҚКО қызметкерлерiмен семинар-лекция (4). Бұл жолы зерттеу мен талқылаудың тақырыбы «Мұрағаттық анықтамаларды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң жаңа Стандарттары, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң сапасын жақсарту бойынша өзектi мәселелер болды, семинарға мұрағат басшысы да қатысты.

2016 жылға арналған атаулы және есте қаларлық күндер күнтiзбесi әзiрлендi, басылым 31 беттен құралды.

Целиноград облыстық комитетiнiң номенклатуралық қызметкерлерiнiң атаулы каталогын құру жұмыстары жүргiзiлiп, 1000 карточка жасалынды.

15.12.2015 жеке және заңды тұлғалардан әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық және генеологиялық сипаттағы 1831 сұраным орындалды. Олардың iшiнде: әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 1664, оның iшiнде ХҚКО арқылы — 69, ЭҮП арқылы — 129 сұраным, тақырыптық — 143, генеалогиялық сипаттағы — 24.

Мемлекеттiк орталық органдардан, шетел мекемелерiнен, жергiлiктi атқарушы органдардан 168 сұраным келiп түстi.

Оның iшiнде:

Әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы: қанағаттандырылған — 297, терiс — 222, бейiндi емес — 1145.

Тақырыптық сипаттағы: қанағаттандырылған — 110, терiс — 20, бейiндi емес — 13

Генеалогиялық сипаттағы: қанағаттандырылған — 9, терiс — 12, бейiндi емес — 3.

Мемлекеттiк орталық органдардан, шетел мекемелерiнен, жергiлiктi атқарушы органдардың сұранымдары:

қанағаттандырылған — 66

терiс — 59

бейiндi емес — 43

Оқу залында 61 зертеушi жұмыс iстеп, 219 келу тiркелдi, 724 сақтау бiрлiгi берiлiп, 240 көшiрме жасалынды. Зерттеу жұмыстарының тақырыбы: «Тың және тыңайған жерлердi игеру (тарих ғылымдарының докторы А.С. Мұсағалиева), «Казахстан в годы Великой Отечественной войны», «История колледжа культуры», «Голод 1921-1923 годов как следствие политики военного коммунизма», «Украинская диаспора на территории Северного Казахстана», «Совершенствование землепользования организационно-правовых форм в Казахстане», «Социальные процессы в северных областях Казахстана в годы освоения целины», облыстағы ұйымдардың тарихы, генеалогиялық, биографиялық зерттеулер және т.б.

Археограф

Археограф «Ақмола облысы ұйымдары мен мекемелерiнiң тарихы» жинағы бойынша зерттеу жұмысын жүргiзуде. Осыған байланысты прокуратура, әдiлет, сот, жер бөлiмi, ауыл, орман шаруашылығы, көлiк және байланыс, мәдениет және өнер, кәсiподақ қорларының құжаттары қаралды. Жинақтың бiрiншi бөлiмi басқарманың СТӘК хаттамасымен үшiншi тоқсанда келiсiлдi. Сондай-ақ мемлекеттiк мұрағат қызметкерлерi дайындаған және БАҚ-та жарияланған мақалалардың күн сайынғы есебi жүргiзiледi.

4. Ақпараттық технологиялар бөлiмi

Ақпараттық технологиялар бөлiмi құжаттарды сканерлеу бойынша жұмыс жүргiзiп жатыр. «Көкшетау облыстық халық депутаттары кеңесi және оның атқарушы комитетi» №1451 қорының құжаттарын сканерлеу бойынша жұмыс жалғастырылды — көлемi 79926 беттен тұратын 876 сақт.бiрл. сканерлендi. Сканерлеу кезiнде құжаттар сөгiлiп, қайта тiгiледi — бiр жылда барлығы 876 сақт.бiрл. тiгiлдi. Парақ көлемi шағын iстер сөгiлмейдi.

60000 сурет сандық мәлiметтерге өңдеу жүргiзiлдi. 2 рулон 2500 кадр жазылды және айқындалды. Пленка мен басып шығарарғыш сұйықтықтың таусылғандығынан бұл жұмыс уақытша тоқтап тұр.

Суреттердi Adobe Reader бағдарламасының көмегiмен doc және docһ форматына ауыстыру бойынша жұмыс жалғастырылды — 1200 бет.

Жыл басынан бастап антивирустар орнатылды, бағдарламалар жаңартылды — 40 дана.

Облыстық мемлекеттiк мұрағат сайтын жаңарту, картридждердi, принтерлердi толтыру, компьютерлердi қалпына келтiру бойынша жұмыс үнемi жүргiзiлiп отырды.

Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың қызметтiк кабинеттерiндегi оргтехниканы, құрылғыларды ауыстыру және орнату, мемлекеттiк сатып алу және қазынашылық порталының кiлттерiн орнату, JAVA жаңарту, JAVA жұмысын қалпына келтiру бойынша жұмыс жалғастырылды.

«Еңбек ардагерi» автоматтандырылған мәлiметтер базасына марапатталғандардың 504 аты-жөнi енгiзiлдi.

«Мұрағат қоры» бағдарламалық кешенiне қорларды енгiзу бойынша жұмыс жалғастырылуда — барлығы 180 қор енгiзiлдi.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiгiн артттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк мұрағат қызметкерлерiн мұрағат саласындағы жұмыстың озық тәжiрибесi, жұмыстың жаңа түрлерi мен әдiстерi туралы уақытылы ақпараттандыру бойынша жұмыс жалғастырылды. Облыстық мұрағатта iс жүргiзу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларына» сәйкес жүргiзiледi.

2015 жылы негiзгi қызмет бойынша 30 түпнұсқалық бұйрық, жеке құрам бойынша — 123, қаржы-шаруашылық мәселелер, iс-сапарлар, жазалар бойынша — 39, жыл сайынғы кезектi еңбек демалысын беру туралы — 79 бұйрық әзiрлендi.

Мамандық бойынша еңбек өтiлiн есептеу жөнiндегi комиссияның 23 отырысы өткiзiлiп, хаттамалар рәсiмделдi.

Ай сайын аппараттық оқу өткiзiлдi. Жүйелi түрде атқарылған жұмыс есебi жүргiзiлiп тұрады. Мемлекеттiк мұрағат қызметкерлерiн және мұрағат iсi ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау мәселелерiне назар аударылады.

Есепке түсiндiрме:

2015 жылғы жазу және айқындау бойынша жоспардың бiр бөлiгi атқарылды, өйткенi фотопленка (35мм) мен басып шығарғыш сұйықтық (фиксаж, девелопер) таусылды. «Электронный архив» ЖШС-мен фотопленкалар мен басып шығарғыш сұйықтықты жеткiзу туралы шарт жасалды, 2015 жылғы 21 желтоқсанда қажеттi материалдар әкелiндi, жұмыстың аяқталғаны жөнiнде қосымша хабарланады.

Ақмола облысының мемлекеттiк
мұрағатының директоры                                                                      Г. Салық

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.04.2016 13:12
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика