Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2020 жылғы 1 маусымда № 20790 болып тiркелдi
"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ұлттық архив қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив iсi және құжаттама департаментi заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген iс- шаралар орындалғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрi А. Раимкулова
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсiбi
министрлiгi
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрiнiң
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 159 бұйрығына
1- қосымша
"Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк қызметтi көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы "Архивтiк анықтамаларды, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлердi беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" (бұдан әрi — Заң) 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және "Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) архивтiк анықтама — ұйымның хат бланкiсiнде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажеттi ақпаратты жасауға негiз болған архивтiк құжаттардың сақтау бiрлiктерiнiң архивтiк шифрлерi мен парақ нөмiрлерi көрсетiлген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күшi бар құжат;
2) архивтiк көшiрме — Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 20 қыркүйектегi № 576 қаулысымен бекiтiлген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк архивтермен толықтыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидасына 431-тармағына сәйкес архивтiк шифр және сақтау бiрлiгi парақтарының нөмiрлерi көрсетiлген, ресiмделген, архивтiк құжаттағы мәтiндi сөзбе-сөз көрсететiн көшiрме;
3) архивтiк үзiндi — архивтiң хат бланкiсiнде жасалған, архивтiк құжат мәтiнiнiң белгiлi бiр фактiге, оқиғаға, адамға қатысты бөлiгiн сөзбе-сөз көрсететiн сақтау бiрлiктерiнiң архивтiк шифрi мен парақтар саны көрсетiлген құжат;
4) мемлекеттiк архив — Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтiру, тұрақты сақтау, мемлекеттiк есепке алу мен пайдалану құқығы берiлген мемлекеттiк мекеме;
5) орталық мемлекеттiк архив — архив iсi және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның қарауындағы мемлекеттiк архив.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi "Қазақстан Республикасының Ұлттық архивi" республикалық мемлекеттiк мекемесi, орталық мемлекеттiк архивтер, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк архивтерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.
2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн осы Қағидаларға 1 — қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшпен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне, "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамына (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) не "электрондық үкiмет" www.egov.kz (бұдан әрi — портал) веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi кiретiн мемлекеттiк қызметтi көрсетуге негiзгi талаптардың тiзбесi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартында жазылған.
5. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, оның көшiрмесiне кеңсе қызметкерiнiң тегiн көрсете отырып қабылданғаны туралы белгi қойылады, портал арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жiберiледi.
Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттар топтамасын берген кезде жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады) және заңды тұлға үшiн — өкiлеттiгiн растайтын құжат не жеке тұлға үшiн — нотариалды куәландырылған сенiмхат (уәкiлеттi өкiл жүгiнген кезде).
6. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк коопоряция жұмыскерi "электронды үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
7. Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттар топтамасын беру кезiнде Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бередi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде ұсынған жағдайда, кеңсе қызметкерi немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.
8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi немесе Мемлекеттiк корпорация арқылы не портал арқылы түскен өтiнiштi кеңсе қызметкерi 1 жұмыс күнi iшiнде жауапты орындаушыға бередi (сағат 17.30-дан кейiн түскен жағдайда, өтiнiш келесi жұмыс күнi тiркеледi).
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерi құжаттарды тiркеген сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi
Жауапты орындаушы 8 (сегiз) жұмыс күнi iшiнде құжаттарды қарастырады (зерделейдi) және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн дайындайды.
Жауапты орындаушы 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жiберуге дайындайды.
Құжаттар Мемлекеттiк корпорациядан көрсетiлетiн қызметтi берушiге келiп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнгенде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi 11 (он бiр) жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Жауапты орындаушы құжаттарды алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде екi және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнiң құжаттарын зерделеу себептерi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзарту туралы көрсетiлетiн қызметтi алушыны хабардар етедi.
Мемлекеттiк сақтауда құжаттар (мәлiметтер) болмаған жағдайда жауапты орындаушы 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiде сақтауда сұратылған құжаттардың (мәлiметтердiң) жоқ екендiгi туралы хабарлама дайындайды.
9. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — архивтiк анықтама, архив құжаттың көшiрмесi және қағаз тасымалдағыштағы архивтiк үзiндi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге тiкелей жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн берудi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырады. Түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
Мемлекеттiк корпорация арқылы жүгiнген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне бiр күн қалғанда жолдайды.
Мемлекеттiк корпорацияда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн не мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiн ұзарту туралы хабарламаны беру көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке куәлiгiн көрсеткен кезде тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.
Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жiберiледi.
Портал арқылы жүгiнген жағдайда Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қағаз жеткiзгiште алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу орны мен күнi көрсетiлген хабарлама жiберiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы деректердi, мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.
3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда шағым Министрлiктiң www.mсs.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, не Министрлiк басшысының атына 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайына берiледi.
11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.
12. Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.
13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы қабылданғанда оның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), пошталық мекенжай, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
Шағымға көрсетiлетiн қызметтi алушының қол қойылады.
14. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.
15. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына түскен шағым оны тiркеген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады
16. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгiленген тәртiппен жоғары тұрған органдарға не сотқа жүгiнедi.