A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2016 жылғы 9 айдың Ақмола облысының мемлекеттік архиві жұмысының есебі

Кiрiспе

Ағымдағы жылдың 9 айында белгiленген жұмыс жүргiзiлдi. Облыстық мемлекеттiк архивтiң жұмысын одан әрi жетiлдiруге ерекше мән берiлдi. 2016 жылдың басында облыстық мемлекеттiк архив ұжымының жиналысында Елбасы Н.Ә. Назарбаев жолдауының негiзгi бағыттарына түсiнiктемелер берiлдi, бұл мемлекеттiк архив қызметкерлерiнiң жұмыс ынтасын одан әрi белсендiру болып табылады.

2016жылғы 9 айында жоспарлы тәртiпте кәсiбилiктi арттыру үшiн 8 аппарат оқуы өткiзiлдi:

-Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң 2015 жылғы жұмыс қорытындысы және келесi жылға мiндеттер;

- «Елбасының Қазақстан халқына жолдауы, негiзгi бағыттары»;

- «2015 жылғы үлгi ережесiне сәйкес iстер номенклатурасын құру»;

- «Микропленкаға цифрлық мәлiметтердi жазу және микропленканы айқындау»;

- «Жалақыны есептеу туралы»;

- «Архив құжаттарын есепке алу тәртiбi»;

- «Iстердi орналастыру және сақтау тәртiбi».

Сараптау комиссияның 17 мәжiлiсi, сондай-ақ ҚР 2007 жылдың 12 қаңтардағы № 2340 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңын орындауға орай жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша кешендi шаралар өткiзiлдi.

Аса құнды құжаттармен жұмыс бойынша әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлеу жөнiнде жұмыс жүргiзiлiп, Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК 2016 жылғы 26 тамызда № 15 хаттамасымен келiсiлдi.

Қызметкерлерге техника қауiпсiздiгi бойынша жыл сайынғы нұсқау жүргiзiлдi.

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету

2016 жылдың 01 қазанына Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде 1375 қор, 438648 сақтау бiрлiгi есептеледi, соның iшiнде:

-тұрақты сақтаудағы басқарма құжаттары 398032 сақтау бiрлiгi;

-ұзақ уақыттағы және уақытша сақтаудағы 3518 сақтау бiрлiгi;

-жеке құрам бойынша 24985 сақтау бiрлiгi;

-жеке шығу тегi бойынша 2095 сақтау бiрлiгi;

-ғылыми-техникалық құжаттар 869 сақтау бiрлiгi;

-фотоқұжаттар 8462 сақтау бiрлiгi;

-үнқұжаттары 149 сақтау бiрлiгi;

-киноқұжаттар 466 сақтау бiрлiгi;

-бейнеқұжаттар 72 сақтау бiрлiгi.

2016 жылғы 9 айында құжаттарды мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету үшiн 450 сақтау бiрлiгiнiң күйi жақсартылды, соның iшiнде 290 сақтау бiрлiгiнiң 408 парағы қалпына келтiрiлдi, бұл № 33 «Атбасар уездiк халық ағарту бөлiмi», № 1239 «Ақмола-Авиа» АҚ қорлары, көлемi 13963 парақтан құралған, 160 сақтау бiрлiгi тiгiлдi (Қор №№ 33, 1239).

Жоспар бойынша 1200 сақтау бiрлiгiнiң орнына 6843 сақтау бiрлiгi мұқабаланды, бұл қорлар: № 1421, 1508, 1544, 1610, 1611 және басқа да қорлар (Қосымша 1).

«Атбасар уездiк кеңес жұмысшы-шаруа милициясы» № 37 қорының өшiп бара жатқан 25 парақ мәтiнi қалпына келтiрiлдi.

№ 115, 189, 131, 175, 176, 178, 222 қорлары бойынша аса құнды iстердiң 25 сақтау бiрлiгi анықталды және оған ҒАА құрылды. Анықталған аса құнды iстер тiзiмделдi.

15000 сақтау бiрлiгiнiң күйi мен барына тексерiс өткiзiлдi:

- № 1451, 1479, 1482, 1483, 1484, 1485, 1486, 1507, 1525 және басқа да қорлар. (Қосымша 2)

Iстердiң түгендеу тексерiсiн өткiзу нәтижесiнде «Көкшетау облыстық аптекалық басқарма» № 1458 қорының есептiк құжаттарында техникалық қателiктер туралы актiсi (05.02.2016 № 1 актi) құрастырылды, қалдық 2 сақтау бiрлiгiне көбейдi; «Көкшетау облысының таратылған балалар үйi коллекциясы» № 1514 қорында қалдық 2 сақтау бiрлiгiне көбейдi (10.06.2016 № 1 актi). Тексерiс нәтижесi бойынша техникалық қателiктер актiсiне сәйкес есептiк құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi. Жалпы қалдық 4 сақтау бiрлiгiне көбейдi.

Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнен берiлген № 1451, 1479, 1482, 1483, 1484, 1485, 1486, 1507, 1525 қорлардың iстерiн қайта шифрлау бойынша жұмыс жалғасуда, жалпы қайта шифрланғаны — 15000 сақтау бiрлiгi. (Қосымша 2)

Мемлекеттiк сақтауға алынған: — қайта құрылуына байланысты:

№ 1544 қ. «Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ  — 350 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы, 102 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1610 қ. «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы» ММ — 17 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы, 5 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1586 қ. «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет- құрылыс бақылау басқармасы» ММ  — 7 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1611 қ. «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi балық шаруашылық комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ — 60 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы және 48 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1561 қ. «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi орман және аңшылық шаруашылығы комитетi Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылық аумақтық инспекциясы» РММ  — 118 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы, 31 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1612 қ. «Ақмола облыстық коммуналдық меншiктi басқармасы» — 32 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1558 қ. «Ақмола облыстық психоневрологиялық диспансерi» КММ — 138 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы, 71 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша.

Жалпы қабылданды: 722 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы, 257 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша.

- ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталуына байланысты:

№ 1553 қ. «Көкшетау» Мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» РММ  — 135 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1025 қ. «Ақмола облыстық соты» ММ — 120 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1421 қ. «Қазакстан Халық банкi» АҚ Ақмола облысының филиалы — 158 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1508 қ. «Ақмола облысының ауыл шаруашылық дақылдарын сорт сынау бойынша инспектурасы» ММ — 315 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 253 қ. «ҚР Ұлттық банкi» РММ Ақмола филиалы» — 13 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1290 қ. «Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты» — 313 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 378 қ. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ — 119 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1496 қ. «Ақмола облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК — 45 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1613 қ. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлiк қоғамының Ақмола филиалы — 46 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 647 қ. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментi» ММ — 49 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 939 қ. «Ақмола облысының прокуратурасы» ММ — 290 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 913 қ. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ — 33 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1046 қ. «Ақмола облысының әдiлет департаментi» ММ — 132 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1615 қ. «Ақмола облысы бойынша статистика жөнiндегi есептеу орталығы» ЕМК — 43 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1055 қ. «Ақмола облыстық халық шығармашылығы және мәдени бос уақыт орталығы» — 70 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1616 қ. «Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау испекциясы» ММ — 1391 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1617 қ. «Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы» ММ — 151 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1618 қ. «Ақмола облысы бойынша жер қатынасы басқармасы» ММ — 56 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1619 қ. «Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк табыс департаментi» — 471 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда;

№ 1620 қ. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ — 43 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1621 қ. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ММ — 361 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1622 қ. «Облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК — 81 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1510 қ. «Сараптау және сертификациялау ұлттық орталығы» АҚ Ақмола филиалы — 46 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1623 қ. «Ақмола облысы бойынша тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және бақылау департаментi» ММ — 89 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1523 қ. «Ақмола облыстық драма театры» МКҚК — 76 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы;

№ 1624 қ. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi орталық» ММ — 135 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы.

Жалпы қабылданды: 4836 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы.

Жабылуына байланысты:

№ 493 қ. «Облыстық кәсiподақ кеңесiнiң Целиноград облыстық кино бойынша кеңесi» — 13 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 653 қ. «Ақмола облыстық кәсiподақ кеңесi» — 20 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 820 қ. «Целиноград облыстық мемлекеттiк сауда қызметкерлерi және тұтынушылар кооперациясы кәсiподағының комитетi» — 23 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1050 қ. «Целиноград облыстық ғылыми және инженерлiк қоғамы одағының басқармасы» — 42 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 486 қ. «Целиноград облыстық көкенiс-жемiс және дайындау шаруашылығы қызметкерлерiнiң кәсiподағы» — 3 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1512 қ. «Көкшетау облыстық ветеринарлық лабораториясы» — 42 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы, 12 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1531 қ. «Жер ресурстарын басқару комитетiнiң Ақмола облысы бойынша аймақтық жер инспекциясы» ММ — 50 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы, 61 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1592 қ. «Қазақ темiржолдың Көкшетау бөлiмшесi» — 4 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы.

Жалпы қабылданды: 96 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтауда, 174 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша.

Соғыс тарихын зерттеушiсi Д. Игсатовадан Ақмола облысының тарихы бойынша құжаттарды алуға байланысты «Ақмола облысы тарихы бойынша құжаттар топтамасы» № 1115 қорына 1 сақтау бiрлiгi қабылданды.

Сайлау науқаны аяқталуына байланысты «Ақмола облыстық сайлау комиссиясы» № 1320 қорының құжаттары — 29 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы.

Барлығы: 6115 сақтау бiрлiгi қабылданды, соның iшiнде 5684 сақтау бiрлiгi тұрақты сақтаудағы, 431 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша.

Облыстық мемлекеттiк архивiнiң жеке шығу тегi бойынша қоры құжаттармен толықтырылды:

- № 1614 қ. «Абуова Латипа Негметовна — еңбек ардагерi» — 26 сақтау бiрлiгi, 73 құжат;

- № 1625 қ. «Өтепбергенов Дәкен Қалиұлы — алғашқы тың игерушi, еңбек ардагерi, тыл еңбеккерi» — 25 сақтау бiрлiгi, 36 құжат;

- № 1626 «Матросов Геннадий Николаевич — комсомолдық, партиялық, кеңес жұмыскерi, қоғамдық саяси қайраткер» — 51 сақтау бiрлiгi, 125 құжат.

Жалпы қабылданды — 102 сақтау бiрлiгi, 234 құжат.

Мемлекеттiк сақтауға 11 сақтау есебi, 4 сақтау бiрлiгi бейнеқұжат; 38 сақтау бiрлiгi фотоқұжат қабылданды.

Сондай-ақ уақытша сақтау мерзiмдегi құжаттар, жалпы 465 сақтау бiрлiгi қабылданды:

- № 1544 қ. «Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» — 184 сақтау бiрлiгi уақытша сақтау мерзiмдегi;

- № 1611 қ. «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi балық шаруашылық комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ — 263 сақтау бiрлiгi уақытша сақтау мерзiмдегi;

- № 1320 қ. «Ақмола облыстық сайлау комиссиясы» — 18 сақтау бiрлiгi уақытша сақтау мерзiмдегi.

Жаңа 17 қор құрылды № № 1610 — 1626 дейiн:

1) № 1610 қ. «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы» ММ;

2) № 1611 қ. «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi балық шаруашылық комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ;

3) № 1612 қ. «Ақмола облыстық коммуналдық меншiктi басқармасы»;

4) № 1613 қ. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлiк қоғамының Ақмола филиалы;

5) № 1614 қ. «Абуова Латипа Негметовна — еңбек ардагерi, кiтапханашы»;

6) № 1615 «Ақмола облысы бойынша статистика жөнiндегi есептеу орталығы» ЕМК;

7) № 1616 қ. «Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау испекциясы» ММ;

8) № 1617 қ. «Ақмола облысының iшкi саяси басқармасы» ММ;

9) № 1618 қ. «Ақмола облысы бойынша жер қатынасы басқармасы» ММ;

10) № 1619 қ. «Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк кiрiс департаментi»;

11) № 1620 қ. «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы»;

12) № 1621 қ. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ММ;

13) № 1622 қ. «Облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы» МКҚК;

14) № 1623 қ. «Ақмола облысы бойынша халықты бақылау және әлеуметтiк сақтау жөнiндегi департамент» ММ;

15) № 1624 қ. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi орталық» ММ;

16) № 1625 қ. «Өтепбергенов Дәкен Қалиұлы — алғашқы тың игерушi, еңбек ардагерi, тыл еңбеккерi»;

17) № 1626 қ. «Матросов Геннадий Николаевич — комсомолдық, партиялық, кеңес жұмыскерi, қоғамдық саяси қайраткер».

«Қазақстан Компартиясының Целиноград аудандық комитетi» № П-25 қорының тiзiмдемелерiн қайта өндеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда, 645 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi, қалдық 10 сақтау бiрлiгiне кемiдi.

Бастаушы партиялық ұйымдардың топтамасы № П-180 қ. «Астрахан ауданының кәсiпорындар мен мекемелердiң бастаушы партиялық ұйымдары құжаттарының архивтiк топтамасы» құрылды, қайта өңдеу нәтижесiнде қалдық 113 сақтау бiрлiгiне кемiдi, 15 қор бiрiктiрiлдi, 597 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi.

Жалпы 1242 сақтау бiрлiгi қайта өңделдi.

Мемлекеттiк сақтаудағы 7 қорға уақытша сақтау мерзiмi бар құжаттардың құндылығына сараптама жұмысы жүргiзiлдi — 345 сақтау бiрлiгi. Олар:

-«Уранликвидрудник» РМК — 14 сақтау бiрлiгi;

- «Наурыз Банк Казахстан» акционерлiк қоғамының (АҚ) Қостанай бөлiмшесiнiң жабылу комиссиясы — 2 сақтау бiрлiгi;

-«Наурыз Банк Казахстан» акционерлiк қоғамының (АҚ) Ақмола бөлiмшесiнiң жабылу комиссиясы — 18 сақтау бiрлiгi;

-«Эко Полис сақтандыру компаниясы» АҚ Ақмола филиалы  — 18 сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысының жұмылдыруға дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөнiндегi басқарма» ММ — 45 сақтау бiрлiгi.

-«Ақмола облысы бойынша көшi-қон департаментi» ММ — 44 сақтау бiрлiгi.

-«Балалар құқығын қорғау департаментi» ММ — 27 сақтау бiрлiгi;

-«ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ — 157 сақтау бiрлiгi.

«Архивтiк қор» бағдарламасына № 1336 — № 1445 қорларды енгiзу жұмысы жалғасуда, 110 қор енгiзiлдi.

Төмендегi қорлар құжаттарының құпиялығы ашылды: № 270 «Целиноград атқару комитетi жанындағы баспасөз және өзге бұқаралық ақпараттық құралдарындағы мемлекеттiк құпияны қорғау жөнiндегi басқармасы», № 1154 «Ленинск және Кеңестiк аудандық атқару комитетi», № 1423 «Көкшетау облысы әкiмi жанындағы статистика және талдау жөнiндегi басқарма», № 1119 «БАҒЗИ Қазақ филиалы», № 1025 «Цилиноград облыстық сот», № 1046 «Целиноград облыстық атқару комитетiнiң әдiлет бөлiмi» — саны 271 сақтау бiрлiгi. Құпиялықты ашу нәтижесiнде есептiк құжаттарға тиiстi өзгертулер енгiзiлдi. Құпиялығы ашылған iстер акт бойынша жалпы сақтауға тапсырылды.

Құпиялығы ашылған қорлардың құжаттары: № 1154 «Лениндiк және Кеңестiк аудандық атқару комитетi» — 38 сақтау бiрлiгi, № 1119 «ЖАҒЗИ Қазақ филиалы» — 15 сақтау бiрлiгi, осы қорлардың құжаттары орналасқан Астана қаласының мемлекеттiк архивiне тапсырылады.

2016 жылғы 05 қазанда болатын құжаттар сақталуын ұйымдастыру бойынша брифинг өткiзуге дайындық жалғасуда.

Excel электронды форматында тiзiмдердi құрастыру жұмысы аяқталды — 414660 сақтау бiрлiгi;

Архив қызметкерлерiне архив қоймаларынан 6192 сақтау бiрлiгi берiлдi.

Өлшеу-бақылау аспаптарының көмегiмен температуралық–ылғалдылық режимiне жұмасына екi рет бақылау жүргiзiледi, көрсеткiштер температура — ылғалдылық режимiн тiркеу журналында белгiленедi.

Ай сайын архив қоймаларына дезинфекциялық және дезинсекциялық тазалау өткiзiледi.

2.Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын қалыптастыру, ведомстволық архивтердiң ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылығы және мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру

2016 жылғы 9 ай бойы Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң ведомстволық архивтердi бақылау бөлiмiнiң жұмысы облыстық мекемелерде құжаттау және құжаттандыруды басқару үрдiсiн жақсартуға арналды.

Басқарманың СТӘК отырысында жоспар бойынша 1 iстер номенклатурасының орнына 3 iс дайындалып, келiсiлдi:

1.«Ақмола облысы әкiмнiң аппараты» ММ;

2. ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң Тұтынушыларды қорғау комитетiнiң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ МКК Ақмола облысы бойынша филиалы;

3.«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы «Жылжымайтын мүлiк орталығы» департаментi.

Басқарманың СТӘК отырысында жоспар бойынша 2 iстер номенклатурасының орнына 24 iс жетiлдiрiлiп, келiсiлдi:

1. «Қазақстан Ұлттық банкi» АҚ Ақмола облыстық филиалы;

2. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ; 3. Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Әдебиет және өнер музейi» КММ;

4. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» ММ;

5. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» ММ;

6.«Ақмола облысының дiн iстерi бойынша басқармасы» ММ;

7.«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ;

8.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Ақмола облыстық «ЖИТС» -пен күрес және алдын-алу орталығы» ММ;

9. «ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

10.«ҚР IIМ төтенше жағдайлар бойынша комитетiнiң Көкшетау техникалық институты» КММ;

11.«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемi аумақтық инспекциясы» ММ;

12. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

13. «Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» ММ;

14. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы периноталды орталық» ШЖҚ МКК;

15. Ақмола облысының бiлiм басқармасының «Облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетi» КММ;

16. ҚР энергетика министрлiгiнiң «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалы;

17. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ;

18. «Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп комитетiнiң басқармасы» ММ;

19. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ;

20. «ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ;

21.«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ;

22.«Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ;

23.«Сот медицина орталығы» РМКК;

24.«Ақмола облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментi» РММ.

Облыстың мекемелерi мен ұйымдарының 18 iс номенклатурасы қосымша дайындалып, келiсiлдi.

СТӘК отырысында жоспар бойынша 5 ведомстволық архив ережесi мен сараптау комиссиясы туралы ереженiң орнына 19 ереже мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалып, келiсiлдi.

1. «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ;

2. «Ақмола облысының дiн iстерi бойынша басқармасы» ММ;

3. «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

4. «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы АҚ;

5. «Ақмола облысының мемлекеттiк кiрiстер департаментi» ММ;

6. «ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ;

7. «ҚР IIМ төтенше жағдайлар бойынша комитетiнiң Көкшетау техникалық институты» КММ;

8. «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемi аумақтық инспекциясы» ММ;

9. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

10. «Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» ММ;

11. «Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ;

12. Ақмола облысының бiлiм басқармасының «Облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетi» КММ;

13. ҚР энергетика министрлiгiнiң «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалы;

14. ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң Тұтынушыларды қорғау комитетiнiң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ МКК Ақмола облысы бойынша филиалы;

15. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ;

16. «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы Магистралдi желiнiң Ақмола бөлiмшесi;

17. «ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнiндегi комитеттiң Ақмола облысы бойынша басқармасы» ММ;

18. «Сот медицинасының орталығы» РМКК;

19. «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ.

Бөлiм ведомстволық архив туралы ереженi және сараптау комиссиясы туралы ереженi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындады және келiстi, барлығы — 2.

Басқарманың СТӘК отырысында жоспар бойынша 2 iс жүргiзу ережесiнiң орнына мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде 7 ереже келiсiлдi:

1.«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ;

2.«ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

3.«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемi аумақтық инспекциясы» ММ;

4.«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

5.ҚР ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетiнiң «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалы;

6.«ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ;

7.«Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

Бөлiм iс жүргiзу ережесiн мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындады және келiстi (9):

- ҚР энергетика министрлiгiнiң «Казгидромет» ШЖҚ РМК филиалы;

- «Сот сараптамасы орталығы» РМКК;

- «Ақмола облысының Қ.Құрманбаев атындағы туберкулезге қарсы диспансерi» МККК;

- «ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнiндегi комитеттiң Ақмола облысы бойынша басқармасы» ММ;

- «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ;

- «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ;

- «Ақмола облысы бойынша қазыналық департаментi» РММ;

- «Ақмола облысының табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ;

- «Ақмола облысы бойынша iшкi мемлекеттiк аудит департаментi» МКМ.

Бөлiм 6 мекеменiң тiзiмдерiн дайындады және СТӘК бекiту бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсеттi:

-«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ;

-«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ;

-«ҚР АШМ ВБ және қадағалау комитетiнiң «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК;

-«Ұлттық сараптау және сертификациялау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

-«Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы» ММ;

-«Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компания» АҚ филиалы «Ақмола жол бөлiмшесi».

Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлiнген актiсi дайындалып, басқарманың СТӘК отырысында бекiтiлдi — 11.

Бөлiммен 5 семинар өткiзiлдi:

1.Денсаулық сақтау және БАҚ аясында «Жаңа үлгiлiк тiзбеге сай iстер номенклатурасын құру» тақырыбы бойынша семинар өткiзiлдi, оған 27 адам қатысты.

2.Бөлiм басшысы Ақмола облыстық сотында «Жеке құрам және тұрақты сақталатын құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және тiзiмдердi СТӘК отырысына тапсыру» тақырыбында жоспардан тыс семинар-кеңес өткiздi.

3.2016 жылғы 26 шiлдеде «2014 жылғы мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларының ерекшелiгi және 2015 жылғы тiзбе» тақырыбына семинар көлiк, әлеуметтiк қорғау және сәулет, әдiлет, прокуратура, қаржыландыру аясында «Өрлеу» Бiлiктiлiктi арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Ақмола облысы бойынша бiлiм беру педагогикалық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институтында» мемлекеттiк тiлде өткiзiлдi, жауапты архивист М.Б. Тулеубаева.

4.2016 жылғы 26 шiлдеде «2014 жылғы мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларының ерекшелiгi және 2015 жылғы тiзбе» тақырыбына семинар көлiк, әлеуметтiк қорғау және сәулет, әдiлет, прокуратура, қаржыландыру аясында «Өрлеу» Бiлiктiлiктi арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Ақмола облысы бойынша бiлiм беру педагогикалық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институтында» орыс тiлiнде өткiзiлдi, жауапты А.А. Тасмаганбетова.

5.«Iстердi қалыптастыру және ресiмдеу тәртiбi, құжаттарды шұғыл сақтауға және ҰАҚ құжаттарын тұрақты сақтауға мемлекеттiк архивке тапсыру» тақырыбына семинар, жауапты А.А. Тасмаганбетова.

2016 жылғы 26 шiлдеде жоғарыда аталған семинарлар бойынша бөлiммен телесюжет өткiзiлдi.

ҚР ҰАҚ жинақтау көзi болып табылатын барлық мекемелер мен ұйымдарға паспортизация бойынша 130 хат дайындалып таратылды және қолдарына табысталды. Бөлiм қызметкерлерi ұйымдарға шығып ведомстволық ұйымдардың паспорттарын құру және түсiнiктеме беру бойынша жұмыстарды жүргiзуде.

Қазiргi кезде дайын паспорттарын 99 ұйым тапсырды, бұл саладағы жұмыс жалғасуда, жинақтау көзiнiң жаңа тiзiмi дайындалуда.

Жоспар бойынша 10 бейнеқұжаттың орнына СТӘК отырысына 11 сақтау бiрлiгiндегi бейнеқұжат дайындалып, келiсiлдi.

Жоспар бойынша 25 фотоқұжат орнына 38 сақтау бiрлiгiндегi фотоқұжаттар СТӘК отырысына тапсырылды.

Жеке шығу тегi бойынша тiзбе (3) дайындалып, СТӘК отырысында бекiтiлдi:

1.«Абуова Латипа Негметовна — еңбек ардагерi», саны 26 сақтау бiрлiгi, 73 құжат;

2.«Өтепбергенов Дәкен Қалиұлы — алғашқы тың игерушi, еңбек ардагерi, тыл еңбеккерi» — 25 сақтау бiрлiгi, 36 құжат;

3.«Матросов Геннадий Николаевич — комсомолдық, партиялық, кеңес қызметкерi, қоғам, саяси қайраткерi» — 51 сақтау бiрлiгi, 125 құжат;

Жоспар бойынша 50 сақтау бiрлiгiнiң орнына барлығы 102 сақтау бiрлiгi, 234 құжат.

Бөлiм халықаралық архив күнiне орай дайындық жұмыстарын жүргiздi,

«Үздiк архивист» байқауының дайындығына атсалысты. «Қазақ тiлi — Қазақстанның болашағы» байқауында қатысты.

СТӘК сарапшысы ретiнде жұмыс жүргiзiлдi, сарапшы ретiнде жалпы 33 құжат тексердi.

Сонымен қатар құжаттарды мемлекеттiк есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлiмiне көмек көрсетiлiп, EXELL бағдарламасына 35 мың тiзбе енгiзiлдi.

Бөлiм басшысы сондай-ақ құпия құжаттармен де жұмыс жүргiзуде.

3. Ақпараттық-iздеу жүйесiн құру, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану

Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң жұмысы Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң 2016 жылға бекiтiлген жұмыс жоспарына сәйкес құрылды.

Түрлi мерейтойлық және мереке күндерiне орай келесi жоспарлы жұмыстар өткiзiлдi:

Ғарыштың игерiлуiне 55-жылдығына арналған «Дала айлағы» виртуалды көрмесi дайындалып, облыстық мемлекеттiк архив сайтына орналастырылды. Экспозициялық жоспарға бiздiң өңiрiмiзге келген космонавтардың архивтiк фотолары, Юрий Гагариннiң Тың өлкесiнiң еңбекшiлерiне жолдаған жеделхаты, құжаттар, газет басылымдары енгiзiлдi.

Ұлы Отан соғысының Жеңiсiне дәстүрлi түрде архивтiк көрме (2) жасалынды. «Майданда да, тылда да…» жаңа экспозициясы аймақтағы тұрғындардың жеңiске қосқан үлесi туралы баяндайды. Экспозициялық жоспарға 54 экспонат, оның iшiнде зерттеу жұмыстары кезiнде анықталған жаңа құжаттар да бар. Көрменi дайындау барысында облыстық мемлекеттiк архив қоры соғыс жылдары Ақмола облысына көшiрiлген Макинск поршень сақиналар зауытының тарихы туралы Бұланды ауданының өлкетанушыларымен жинақталған фотосуреттермен, азаматтардың жеке архивтерiнен фотосуреттермен толықты. Жеңiстiң 70-жылдығына арналған архивистер дайындаған «Соғыс. Жеңiс. Естелiк» құжаттар жиынтығы алғашқы рет ұсынылды.

Халықаралық архивтер күнiне орай Ақмола облысының мемлекеттiк архивi «Өткен жылдар iзiмен» атты көшпелi көрме (3) дайындады. Экспозицияға аймақтың ең маңызды әрi қызыққа толы оқиғалары, тарихи деректерi көрсетiлген құжаттар енгiзiлдi. Құжаттар ақпараттық, олардың мәдени және ғылыми құндылығы толыққан тұрғысынан iрiктелдi. Көрмеге 47 экспонат қойылды.

(Сурет) Ұлы Отан соғысының Жеңiсiне 71-жылдығына арналған «Майданда да, тылда да…» көрменiң ашылуында. 05.05.2016

Педагогика еңбегiнiң ардагерi, Қазақ КСР ағарту министрi, ҚР Балалар қорының төрағасы — К.Б. Балахметовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Ұлы Шоқан iзiмен» архивтiк құжаттар көрмесi (4) дайындалды. Экспозицияға 44 экспонат енгiзiлдi, К.Б. Балахметовтың жеке шығу тегi қорының және т.б. қорлардың құжаттары ендi.

90 жыл бұрын трахтоматоз ауруханасы ретiнде ашылған Көкшетау офтольмологиялық ауруханасының шығу тарихы туралы баяндалатын ақпараттық хат (1) Ақмола облыстық ауруханасына дайындалып, жiберiлдi.

Архив қызметкерлерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалары жарияланды, 19 мақала дайындалды. «Известия национального центра археографии и источниковедения» №4/2015 журналында Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20-жылдығына орай «Қазақстан мұрағаттары» (автор Г.Салық) мақаласы (1) жарияланды. 2015ж.24.03. «Степной маяк» газетiнде 1921 жылғы большевиктерiне қарсы шаруалар көтерiлiсiнiң 95-жылдығына орай «Степной армагедон» (автор О.Полеткина) мақаласы (2); 2016ж.16.04. «Акмолинская правда» газетiнде құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану туралы облыстық мемлекеттiк архив жұмысы туралы баяндайтын «В архивах отражение эпохи» (автор Г.Салық) мақаласы (3) жарық көрдi. «Степной маяк» газетiнде төмендегi басылымдар жарияланды: кеңес, партия қызметкерi, соғыс жылдары Көкшетау райком партиясының 1-шi хатшысы Т.Қ. Қаңтарбаевтың 100-жылдығына арналған «Солдаты тыла» (05.04.2016) мақаласы (4), Ұлы Отан соғысында жерлестерiмiздiң қатысуы туралы баяндайтын «О днях боевых и трудовых» (19.04.2016) мақаласы (5), облыстық мемлекеттiк архивiнде «Майданда да, тылда да…» көрмесi туралы «Состоялось открытие выставки» (10.05.2016) жазбасы (6); 2016ж. 07.05. «Арқа ажары» газетiнде «Тыл тыным таппады» мақаласы (7) жарияланды, басылым авторы — Г.Салық. 2016ж.26.05. «Курс» газетiнде 20-жылдардағы ашаршылық туралы баяндайтын «Жизнь в Акмолинской губернии в 20-х годах прошлого века» (автор А.Шарипов) мақаласы (8) жарияланды. 2016ж.31.05. «Ақмолинская правда» газетiнде саяси қуғын құрбандарын еске алу күнiне орай 1936 жылы аймағымызға жiберiлген поляк диаспорасы туралы айтылатын «О чем говорят архивы» (автор Г.Узакпаева) мақаласы (9); «Акмолинская правда» газетiнде 30-шы жылдары қуғынға ұшыраған У. Жұмабаев туралы «Жизнь его — и стойкости, и верности пример» (автор Г.Салық) мақаласы (10) жарық көрдi. Педагогика қызметiнiң ардагерi, бұрынғы ҚазССР министрi К. Балахметовтың 90-жылдығына орай жеке қорындағы құжаттар туралы баяндайтын мақала (11) жарияланды. 2016ж. 09.06. «Акмолинская правда» газетiнде Халықаралық архивтер күнiне байланысты облыстық мемлекеттiк архив басшысынан алынған сұхбат (12 мақала), сол газетте 2016ж. 26.06 «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет көрсету және азаматтардың басқа да өтiнiштерiн қарау аясындағы «В тренде эффективность» сұраныстармен архив жұмысы туралы мақаласы (13), 2016ж.02.07. «О 106-й кавалерийской дивизии» мақаласы (14) басылды. 2016ж.05.07. «Степной маяк» газетiнде облыстың еңбегi сiңген әйелдерi туралы «В назидании вслед идущим» мақаласы (15) жарияланды. 2016ж.11.08 және 2016ж.28.08. «Курс» газетiнде А. Иманов көтерiлiсiнiң 100-жылдығына орай «История всегда с нами» (автор Г. Салық) және академик Госсеннiң 85-жылдығына «Ученый, гражданин и патриот» (автор А. Тасмаганбетова) мақалалары (16, 17) жарияланды. 2016 ж.28.08. «Степной маяк» газетiнде соғыс және еңбек ардагерi Б. Жумагалиев туралы «Выиграть в молодости — не проиграть в старости» мақала (18) жарық көрдi. «Архивы Казахстана» журналында «Редкие издания и книги о прошлом в архиве Акмолинской области» мақала (19) жарияланды.

Телеарнада архив қызметiн насихаттайтын сюжеттер шықты. 06.05.2016 Жеңiстiң 71-жылдығына арналған архив көрмесi туралы сюжет (1); 13.05.2016 «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет туралы № 2 ХҚКО өткiзiлген семинар жайлы сюжет (2). Халықаралық архивтер күнiне арналған салтанатты шарада облыстық мемлекеттiк архив басшысы тiлшiге берген сұхбаты 13.06.2016 эфирге шықты (3 сюжет).

4 экскурссия өткiзiлдi: «Майданда да, тылда да…» архивтiк көрмесi бойынша, «Өткен жылдар iзiмен» көшпелi көрме бойынша, архив бойынша шолу көрме.

Жеңiс күнi қарсаңында Красный Яр с. № 2 мектебiнде 8-10 сынып оқушыларына «Ақмола облысы Ұлы Отан соғысы жылдары» лекция-сабақтары (4) өткiзiлдi. Сабақ барысында интерактивтi тақта қолданылды, 23 құжат, 33 слайд көрсетiлдi.

(Сурет) Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң архивисi Н.Кукушева «Ақмола облысы Ұлы Отан соғысы жылдары» сабағын өткiзуде. 27.04.2016

2016 жылдың 17 ақпанында ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң қызметкерлерi № 1 ХҚКО-да «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет бойынша семинар-кеңес өткiздi. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы сұраныстар санын көбейту, мемлекеттiк қызмет сапасын жақсарту бойынша сұрақтар қарастырылды. Материалды жеткiзуде видеопроектор қолданылды. 45 адам қатысты.

2016 жылдың 25 сәуiрiнде № 2 ХҚКО-да семинар-кеңес (2) өткiзiлдi. Оның тақырыбы 2015 жылдың 17 сәуiрiндегi № 138 «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандартының өзгерiстерi, ХҚКО және ЭҮП арқылы жасаған азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау сапасын арттыру жөнiндегi өзектi сұрақтар қамтыды. Орталық қызметкерлерiне «Облыс орталығының мемлекеттiк органдарындағы архив құжаттарының орналасуы туралы жадынама» дайындалып, таратылды. Архивистер орталық қызметкерлерiн жаңа талаптармен таныстырып, өзара әрекеттесу сұрақтарын талқылап, орталық қызметкерлерiнiң сұрақтарына жауап бердi. Семинарға облыстық мемлекеттiк архив басшысы мен № 2 орталық басшысы қатысты, облыстық телевидения тiлшiлерi шақырылды. ХҚКО 27 қызметкерi қатысты.

Целиноград обкомпартияның номенклатурлы қызметкерлерiнiң жеке каталогын құру бойынша жұмыс жүргiзiлдi, 800 карточка жасалынды.

2016 жылдың 21 қыркүйегiне жеке және заңды тұлғалардан әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық және генеологиялық сипаттағы 1252 сұраныс орындалды. Олар: әлеуметтiк-құқықтық — 1127, соның iшiнде ХҚКО арқылы — 377, ЭҮП арқылы — 266 сұраныс, тақырыптық — 105, генеологиялық — 20.

Бұдан басқа, орталық мемлекеттiк органдардан, шетел мекемелерiнен, жергiлiктi орындаушы органдардан 758 сұраныс түстi.

Әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы: қанағаттандырылған — 320, қанағаттандырылмаған — 191, бейiндi емес — 616.

Тақырыптық сипаттағы: қанағаттандырылған — 69, қанағаттандырылмаған — 27, бейiндi емес — 9.

Генеологиялық сипаттағы:

қанағаттандырылған — 6, қанағаттандырылмаған — 12, бейiндi емес — 2.

Орталық мемлекеттiк органдардың, шетел мекемелерiнiң, жергiлiктi орындаушы органдардың сұраныстары

қанағаттандырылған — 92

қанағаттандырылмаған — 84

Бейiндi емес — 582.

Оқу залында 47 зерттеушi жұмыс iстедi, 159 қатысу тiркелдi, 775 сақтау бiрлiгi берiлдi, 89 көшiрме жасалынды. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «1920-1997 жылдары Ақмола облысының бiлiм жүйесi», «20-жылдары әлеуметтiк-экономикалық жағдай», халықтардың қуғынға ұшырауы және оларды Солтүстiк Қазақстанға көшiру, «Кеңес үкiметiнiң қазақ ауылындағы экономикалық шаралары», елдi мекендер тарихы, генеологиялық, биографиялық және басқа да зерттеулер.

4.Ақпараттық технологиялар бөлiмi

Ақпараттық технологиялар бөлiмi 2016 жылдың 9 айында келесi жұмыстарды жүргiздi:

Құжаттарды сканерден өткiзу 525 сақтау бiрлiгiн құрады (54797 парақ);

Бағдарламалық қамсыздандырудың өзектi жаңартуларын орнату — 33;

Iстердi тiгу — 525 сақтау бiрлiгi — 54797 бет;

Қызметкерлер мен келушiлердiң сұранысы бойынша сканерден өткiзу және өңдеу — 1229 парақ;

«Еңбек ардагерi» ДҚ толықтыру — 420 тегi;

Цифрлық деректердi өңдеу — 24818 сурет;

«Ақмола облысы архивiнiң тарихы» көрмесi үшiн құжаттарды зерттеу — 17 бет, сондай-ақ «Ақмола облысының ұйымдары мен мекемелерiнiң тарихы» жинағы үшiн құжаттарды зерттеу — 3 парақ;

«Ақмола облысындағы ашаршылық (1921-1922)» мақаласы үшiн құжаттарды жинақтау — 35 парақ;

«Ақмола облысының бiрiншi басшылары» биографиялық жинағы шығаруға дайындалды.

Adobe Reader бағдарламасы арқылы бейненi doc және docx мәтiн форматына аудару — 200 парақ;

Excel MS бағдарламасындағы жұмыс бойынша қызметкерлерге кеңес өткiзiлдi;

Компьютерлердi жөндеу — 15 дана;

Көрме, кiтапты безендiру және әрлендiру — 7;

Құттықтау ашық хаттары — 48 парақ;

Үлдiрге жазу жалпы — 15 орама, қазiргi кезде бұл жұмыс жалғасуда.

Excel MS тiзбелердi енгiзу — 17340 атау, архив қызметкерлерi басқан тұрақты сақтаудағы тiзiмдемелердi жинап, бiрiктiру жұмыстары жүргiзiлдi.

5.Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк архив қызметкерлерiн архив саласындағы жұмыс тәжiрибесi туралы, жұмыстың жаңа түрлерi мен әдiстерi туралы уақытылы ақпараттандыру жұмысы жалғасуда. Жаңа ережелер енгiзiлдi, үлгiлiк ереженi бiлу бойынша оқулар өткiзiлдi. Облыстық архивте iс қағаздарын жүргiзу Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 2014 жылдың 22 желтоқсанында №144 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару үлгiлiк қағидасына сәйкес жүргiзiледi.

Бiлiктiлiгiн арттыру курстарында архив басшысы Г.Д. Салық, бас есепшi А.А. Нарымбаева, ведомстволық архивтердi бақылау жасау бөлiмiнiң архивисi М.Б. Тулеубаева оқыды.

2016 жылдың 9 айында негiзгi қызмет жөнiнде 39 бұйрық, жеке құрам бойынша — 69, демалыс беру туралы — 46 бұйрық, әкiмшiлiк-шаруашылық, жазаға тарту жөнiнде — 23 бұйрық дайындалды.

Мамандық бойынша еңбек өтiлiн есептеу бойынша комиссияның 11 отырысы өткiзiлдi, хаттамалары дайындалды.

Ай сайын аппарат оқулары өткiзiлдi. Жасалған жұмыстардың есебi әрдайым жүргiзiледi. Мемлекеттiк архив қызметкерлерiн және архив iсiнiң ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау сұрақтары бойынша аса мән берiледi.

Архив басшысы                                                                                                                                               Г. Салық


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.01.2017 11:29

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»