АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

2016 жылғы 1 тоқсанның Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты жұмысының ЕСЕБІ

2016 жылғы 1 тоқсанның
Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағаты жұмысының
ЕСЕБI

Кiрiспе

ҚР «Ұлттық мұрағаттар қоры және мұрағаттар туралы» заңын басшылыққа ала отырып, және оған енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып, облыстық мұрағаттың жұмысын одан әрi жетiлдiруге ерекше мән берiлдi. 2016 жылғы қаңтар айында өткiзiлген облыстың мемлекеттiк мұрағаттар ұжымының жиналысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауының негiзгi бағыттарына түсiнiктемелер берiлдi, бұл облыс мұрағат қызметкерлерiнiң жұмыс ынтасын одан әрi белсендiрдi.

2016 жылғы 1 тоқсанында дайындалған жоспар бойынша 3 аппарат оқуы өткiзiлдi:

-Ақмола облысы мемлекеттiк мұрағатының 2015 жылғы жұмыс қорытындысы және келесi жылға мiндеттер;

-«Елбасының Қазақстан халқына жолдауы, негiзгi бағыттары»;

-«2015 жылғы үлгi ережесiне сәйкес iстер номенклатурасын құру».

Сараптау комиссияның 2 мәжiлiсi өткiзiлдi, сондай-ақ ҚР 2007 жылдың 12 қаңтардағы № 2340 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңын орындауға орай жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша кешендi шаралар жалғасуда.

Қызметкерлерге техника қауiпсiздiгi бойынша жыл сайынғы нұсқау жүргiзiлдi.

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу

2016 жылдың 01 сәуiрiне Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағатында 1375 қор, 433897 сақтау бiрлiгi есептеледi, соның iшiнде:

-тұрақты сақтаудағы басқарма құжаттары 393695 сақтау бiрлiгi;

-ұзақ уақыттағы және уақытша сақтаудағы 3500 сақтау бiрлiгi;

-жеке құрам бойынша 24740 сақтау бiрлiгi;

-жеке шығу тегi бойынша 1993 сақтау бiрлiгi;

-ғылыми-техникалық құжаттар 869 сақтау бiрлiгi;

-фотоқұжаттар 8424 сақтау бiрлiгi;

-үнқұжаттары 149 сақтау бiрлiгi;

-киноқұжаттар 466 сақтау бiрлiгi;

-бейнеқұжаттар 61 сақтау бiрлiгi.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есепке алу үшiн 1 тоқсанда 102 сақтау бiрлiгiнiң жалпы күйi жақсартылды, соның iшiнде: 50 сақтау бiрлiгi/ 106 парақ қайта реставрацияланды, бұл № 33 «Атбасар уезiнiң халықтық бiлiм беру бөлiмi»; № 1239 «Ақмола-Авиа» АҚ; 2899 парақтан тұратын 52 сақтау бiрлiгi тiгiлдi (№№ 33, 1239 қор).

1200 сақтау бiрлiгi мұқабаланды, ол:

№ 1421, 1508, 1544, 1553, 1561, 1610, 1611 қорлар.

№ 37 «Атбасар уездiк совет жұмысшы-крестьяндық милиция» қорының өшiп бара жатқан 25 парақ мәтiнi қалпына келтiрiлдi.

5000 сақтау бiрлiгiнiң күйi мен барына тексерiс өткiзiлдi:

- № 1451, 1479, 1482, 1483 1484, 1485, 1486, 1507, 1525 және басқа да қорлар;

Iстердiң жағдайы мен түгендеу тексерiсiн өткiзу нәтижесiнде есептiк құжаттардағы техникалық қателiктер туралы актi құрастырылды, № 1458 «Көкшетау облыстық аптекалық басқарма» қорындағы қалдық 2 сақтау бiрлiгiне көбейдi (05.02.2016 № 1 акт).

Көкшетау қаласының мемлекеттiк мұрағатынан табысталған № 1451, 1479, 1482, 1483, 1484, 1485, 1486, 1507, 1525 және басқа да қорының iстерiн қайта шифрлау жөнiндегi жұмысы жалғасуда, барлығы — 5000 сақтау бiрлiгi.

Мемлекеттiк сақтауға алынған: — қайта құрылуына байланысты:

№ 1544 қор «Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi»  — 350 тұрақты сақтау бiрлiгi, 102 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша;

№ 1610 қор «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы» ММ — 17 тұрақты сақтау бiрлiгi, 5 жеке құрам бойынша;

№ 1586 қор «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ  — 7 тұрақты сақтау бiрлiгi;

№ 1611 қор «ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ — 60 тұрақты сақтау бiрлiгi және 48 жеке құрам бойынша;

№ 1561 қор «ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi Ақмола облыстық орман және аңшылық аумақтық басқармасы» РММ  — 118 тұрақты сақтау бiрлiгi, 31 сақтау бiрлiгi жеке құрам бойынша.

- ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталуына байланысты:

№ 1553 қор «Көкшетау» Мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» РММ  — 135 тұрақты сақтау бiрлiгi;

№ 1025 қор «Ақмола облыстық соты» ММ — 120 тұрақты сақтау бiрлiгi;

№ 1421 қор «Ақмола облысының «Қазакстан Халық банкi» АҚ филиалы» — 158 тұрақты сақтау бiрлiгi

№ 1508 қор «Ақмола облысының ауыл шаруашылық дақылдарын сорт сынау бойынша инспектурасы» — 260 тұрақты сақтау бiрлiгi.

Әскери тарихты зерттеушi Д.Игсатовтан Ақмола облысының тарихы бойынша құжаттарды алуына байланысты «Ақмола облысының тарихы бойынша құжаттар коллекциясы» № 1115 қорына — 1 сақтау бiрлiгi қабылданды.

Барлығы 1412 сақтау бiрлiгi қабылданды, соның iшiнде 1226 тұрақты сақтау бiрлiгi, 186 жеке құрам бойынша сақтау бiрлiгi.

Сондай-ақ сақтау мерзiмi уақытша құжаттар қабылданды:

- № 1544 қор «Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ — 184 сақтау бiрлiгi уақытша сақтау мерзiмi;

- № 1611 қор «ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ  — 263 сақтау бiрлiгi уақытша сақтау мерзiмi.

Барлығы: сақтау мерзiмi уақытша 447 сақтау бiрлiгi қабылданды.

Жаңа екi қор құрылды №№ 1610 — 1611 дейiн:

1) № 1610 қор «Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы» ММ;

2) № 1611 қор «ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Есiл облыс аралық бассейндiк балық шаруашылық испекциясы» РММ;

«Қазақстан Компартиясының Целиноград аудандық комитетi» № 25 қордың тiзiмдемелерiн қайта өңдеу бойынша жұмыстар жыл бой жалғастырылды:

 — тiзiмдеме бойынша 2670 сақтау бiрлiгi есептеледi, өңдеуге 338 сақтау бiрлiгi алынды, қайта өңдеу нәтижесiнде 338 сақтау бiрлiгiне тiзiмдемелер жасалынды.

Мемлекеттiк сақтаудағы 7 қор — 345 сақтау бiрлiгiне уақытша сақтау мерзiмi бар құжаттардың құндылығына сараптама жұмысы жүргiзiлдi. Ол келесi қорлар:

- «Уранликвидрудник» РМК — 14 сақтау бiрлiгi;

-«Наурыз Банк Казахстан» акционерлiк қоғамының (АҚ) жою комиссиясының Қостанай бөлiмшесi — 2 сақтау бiрлiгi;

-«Наурыз Банк Казахстан» акционерлiк қоғамының (АҚ) жою комиссиясының Ақмола бөлiмшесi — 18 сақтау бiрлiгi;

-«Эко Полис сақтандыру компаниясының» АҚ Ақмола филиалы — 38 сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысының жұмылдыруға дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөнiндегi басқармасы» ММ — 45сақтау бiрлiгi;

-«Ақмола облысы бойынша көшi-қон департаментi» ММ — 44 сақтау бiрлiгi;

-«Балалардың құқығын қорғау жөнiндегi департамент» ММ — 27 сақтау бiрлiгi;

-«ҚР Мемлекеттiк қызмет iстер жөнiндегi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» ММ — 157 сақтау бiрлiгi;

«Мұрағаттық қор» бағдарламалық кешенiне қорларды енгiзу бойынша жұмыс жалғасуда — 45 қор енгiзiлдi.

Excel электрондық форматқа тiзiмдемелердi көшiру жұмысы жүргiзiлуде  — 25596 сақтау бiрлiгi;

Мұрағат қызметкерлерiне есеп беру кезеңiнде мұрағат қоймаларынан 3173 сақтау бiрлiгi берiлдi.

Өлшеу-бақылау аспаптарының көмегiмен температура-ылғалдылық режимiне аптасына екi рет бақылау жүргiзiледi, көрсеткiштер температура-ылғалдылық режимiн тiркеу журналында белгiленедi.

Ай сайын мұрағат қоймаларына дезинфекциялық және дезинсекциялық тазалау өткiзiледi.

2.Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, ведомстволық мұрағаттардың ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылығы және мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру

2016 жылдың 1 тоқсанында ведомстволық мұрағаттарға бақылау жасау бөлiмiнiң жұмысы облыстық құрылымдардағы құжаттандыру мен құжаттаманы басқару үрдiсiн жақсартуға бағытталған.

Келесi мекемелердiң iстер номенклатурасы СТӘК отырысында келiсiлдi (11):

1. «Қазақстан Ұлттық банкi» АҚ Ақмола облыстық филиалы

2. «Ақмола облысының әкiм аппараты» ММ

3. «Ақмола облысының қала құрылысы және сәулет басқармасы» ММ

4. Ақмола облысының мәдениет басқармасының «Әдебиет және өнер музейi» КММ

5. «Ақмола облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» ММ «Көкшетау қаласының әдiлет басқармасы» ММ

6. «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы» ММ

7. «ҚР Энергетика министрлiгiнiң Мемлекеттiк атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетiнiң Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментi» ММ

8.«Ақмола облысының дiн iстерi бойынша басқармасы» ММ

9.«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

10. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының «Ақмола облыстық «ЖИТС» -пен күрес және алдын-алу орталығы» ММ

11. «ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

12. Келесi ұйымдардың iс номенклатурасы келiсiлдi (8):

-«Ақмола облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» ШЖҚ РМК филиалы;

- «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» КММ;

-Ақмола облысының «Казэронавигация» ММ филиалы;

-«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ;

-Ақмола облысының дiн iстерi бойынша басқарма жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және сараптау орталығы» КММ;

-«ҚР мемлекеттiк фельдъегер қызметi» РММ;

-«Казагрофинанс» АҚ

Сонымен қатар басқарманың СТӘК отырысында келiсу үшiн «Көкшетау қаласының заң басқармасы» ММ iстер номенклатурасы мен құжаттарды жоюға бөлiнген акт (2) бойынша практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетiлдi:

-«Қорғалжын ауданы бойынша мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығы» ММ;

-Ақмола облыстық филиалының операциялық бөлiмiнiң «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық» РКҚК

Ведомстволық мұрағат, сараптау комиссиясы туралы ережелер мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалып, СТӘК отырысында келiсiлдi (6):

1.«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ;

2.«Ақмола облысының дiн iстерi бойынша басқармасы» ММ;

3.«ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ;

4.«Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» АҚ;

5.«Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментi» ММ;

6.«ҚР агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментi» РММ.

Iс жүргiзу ережесi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде СТӘК басқарма отырысында келiсiлдi (2):

1.«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ;

2.«ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ.

Ведомстволық мұрағат туралы және сараптау комиссиясы туралы ережелер мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалып, СТӘК отырысында бекiтуге берiлдi (3):

1.«Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола филиалы;

2.«ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi орман және аңшылық шаруашылығы Комитетiнiң Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» ММ;

3.«ҚР IIМ төтенше жағдайлар Комитетiнiң Көкшетау техникалық институты» РММ.

Iс жүргiзу ережесi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалынды (2):

- «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» ММ;

- «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола филиалы.

Тұрақты сақтау тiзбелерi дайындалып, СТӘК отырысына бекiтуге тапсырылды (3):

-«Қазақстан ұлттық банкi» АҚ;

-«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ;

-«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ.

Құжаттарды жоюға бөлiнген туралы актi (2) түзетуге қайтарылды:

-«Ақмола облыстық сот кеңсесi» ММ;

-«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ;

Келесi номенклатуралар тексерiлiп, түзетуге қайтарылды (15):

- «Ақмола облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ;

- «Облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетi» КММ;

- «Сот сараптау орталығы» РКҚК;

- «Периноталды орталық» ШЖҚ МКК;

- «Облыстық терi-венерологиялық диспансер» ШЖҚ МКК;

- «Казагрофинанс» АҚ;

- «Ақмола облыстық медициналық қамтамасыз ету арнайы базасы» КММ;

- «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ;

- «Облыстық онкологиялық диспансер» ШЖҚ МКК;

- «К.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансер» МКҚК;

- «ҰОС емханасы» ШЖҚ МКК;

- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола филиалы;

- «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ;

- «Казгидромет» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалы;

- «Ақмола облысының мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi» ММ.

Сонымен қатар бөлiм бастығы Ақмола облыстық сотында «Жеке құрам және тұрақты сақталатын құжаттарды ғылыми — техникалық өңдеу және тiзiмдердi СТӘК отырысына тапсыру» тақырыбында жоспардан тыс семинар өткiздi.

Ұлттық мұрағат қорының жинақтау көзi болып табылатын 130 мекеме мен ұйымдарға хабарласып, паспортизацияға дайындықтың басталғаны хабарланды. Паспортизация бойынша 130 хат дайындалып, таратылды.

Қазiргi кезде 6 ұйым дайын паспорт тапсырды.

Сарапшы ретiнде «Көкшетау минералды су» актiсi, «Подлесное» ЖШС жеке құрам тiзбесi, «Еңбекшiлдер аудандық соты» ММ тұрақты сақтау тiзiмi және актiсi, «Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивi» ММ iстер номенклатурасы, Көкшетау қалалық сотының құжаттарды жою актiсi, Бурабай ауданының мемлекеттiк архивiнiң iстер номенклатурасы, Көкшетау қаласындағы «Назарбаев интелектуалдық мектебiнiң физика-математика филиалының 2010-2012 жылдардағы тұрақты сақтаудың №1 тiзбесi, №1,2 жеке құрам бойынша тiзбесi, құжаттарды жою актiсi, 2008 жылғы тұрақты сақтаудың № 2 тiзбесi, «Еңбекшiлдер аудандық соты» ММ №2 актiсi, 2007-2014 жылдардағы №1 жеке құрам бойынша тiзбесi, «Подлесное» ЖШС, «Тыныс» АҚ ведомстволық архив және сараптау комиссиясы туралы ережелерi тексерiлдi.

Жоспарға қосымша бөлiм қызметкерлерiмен EXELL бағдарламасына 35 мың тiзбе енгiзiлдi.

Мекемелер мен ұйымдардың iс жүргiзу қызметкерлерiне құжаттарды сақтау, жүйелеу бойынша әдiстемелiк кеңес берiлдi.

I тоқсан бойы облыстық маңызы бар 130 мекеме мен ұйымның iс жүргiзу қызметкерлерiне үнемi кеңес берiлiп отырды.

Жұмыс уақытының бiрқатар уақыты облыстық мемлекеттiк мұрағаттың жинақтау көзi болып табылмайтын, бiрақ облыстық статусы бар мекемелер мен ұйымдарға әдiстемелiк көмек беруге және iс номенклатурасын құруға, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуге жұмсалды.

3. Ақпараттық-iздеу жүйесiн құру, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiмен келесi жұмыстар жүргiзiлдi.

Ақмола облыстық ауруханасына Көкшетау трахоматоз ауруханасы, қазiргi офтольмологиялық аурухананың 90 жыл бұрын құрылу тарихы туралы ақпараттық хат жолданды.

Мұрағат қызметкерлерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалары жарияланды, 4 мақала. «Қазақстан мұрағаттары» «Архивы» 2015 жылдың № 4 журналында Қазақстан халықтары Ассамблеясының 15-жылдығына арналған «Мир и согласие в общем доме» (автор Г.Салық). 2016ж.17.03. «Степной маяк» газетiнде кеңес, партия қызметкерi, соғыс жылдары Көкшетау райком партиясының 1-шi секретаi Қаңтарбаев Ташкенбай Қаңтарбайұлының 100-жылдығына арналған мақала (2). 1922 жылы шаруалар көтерiлiсiнiң 95-жылдығына орай, 30-жылдары қуғын-сүргiнге ұшыраған ғалым Өтелбай Жұмабаев туралы мақалалар дайындалып, газетке басылуға берiлдi.

Ғарыштың игерiлуiне 55-жылдығына арналған виртуалды көрме дайындалынды.

Ақмола облысының мұрағат мекемелерiнiң тарихы туралы кiтабы үшiн материал дайындалынды, бөлiмдер бойынша мәтiндер 8 бет, фотолар.

Есеп беру кезеңiнде Ақмола облысының тарихы бойынша экспозициялық залдың көрмесi үшiн зерттеу жұмысы жүргiзiлдi. Экспозицияның тақырыптық жоспары әзiрлендi, облыстық мұрағаттың көрмесi үшiн құжаттар iздестiру жұмысы жалғасуда, 230 материал iрiктелдi. Облыстық мұрағаттың құжаттарын толықтыру мақсатында ҚР Орталық мұрағатына, Көкшетау, Степногорск қалаларының мұрағатына, Бұланды ауданының мұрағатына құжаттарды ұсыну туралы өтiнiшпен сұраныстар жiберiлдi.

2016 жылдың 17 ақпанында ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлiмiнiң қызметкерлерi № 1 ХҚКО-да «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет бойынша семинар-кеңес өткiздi: Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы сұраныстар санын көбейту, мемлекеттiк қызмет сапасын жақсарту бойынша сұрақтар қарастырылды. Материалды жеткiзуде видеопроектор қолданылды. 45 адам қатысты.

Целиноград обкомпартияның номенклатурлы қызметкерлерiнiң жеке каталогын құру бойынша жұмыс жүргiзiлдi, 250 карточка жасалынды.

2016 жылдың17 наурызына жеке және заңды тұлғалардан әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық және генеологиялық сипаттағы 390 сұраныс орындалды. Олар: әлеуметтiк-құқықтық — 358, соның iшiнде ХҚКО арқылы — 101, ҮЭП арқылы — 66 сұраныс, тақырыптық — 24, генеологиялық — 8.

Бұдан басқа, орталық мемлекеттiк органдардан, шетел мекемелерiнен, жергiлiктi орындаушы органдардан 158 сұраныс түсты.

Әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы: қанағаттандырылған — 75, қанағаттандырылмаған — 60, бейiндi емес — 243.

Тақырыптық сипаттағы: қанағаттандырылған — 16, қанағаттандырылмаған — 8.

Генеологиялық сипаттағы:

қанағаттандырылған — 3, қанағаттандырылмаған — 4, бейiндi емес — 1.

Орталық мемлекеттiк органдардың, шетел мекемелерiнiң, жергiлiктi орындаушы органдардың сұраныстары

қанағаттандырылған — 20

қанағаттандырылмаған — 22

Бейiндi емес — 116.

Оқу залында 16 зерттеушi жұмыс iстедi, 55 қатысу тiркелдi, 290 сақтау бiрлiгi берiлдi, 25 көшiрме жасалынды. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары: «1920-1997 жылдары Ақмола облысының құрылу жүйесi», «20-жылдары әлеуметтiк-экономикалық жағдай», халықтардың қуғынға ұшырауы және оларды Солтүстiк Қазақстанға көшiру, Жамантұз селосы мектебiнiң тарихы, генеологиялық және басқа да зерттеулер.

4.Ақпараттық технологиялар бөлiмi

Ақпараттық технологиялар бөлiмi 2016 жылдың 1 тоқсанында келесi жұмыстарды жүргiздi:

Құжаттарды сканерден өткiзу 175 сақтау бiрлiгiн құрады (25710 парақ);

Бағдарламалық қамсыздандырудың өзектi жаңартуларын орнату — 20;

Iстердi тiгу — 167 сақтау бiрлiгi — 24818 бет;

Қызметкерлер мен келушiлердiң сұранысы бойынша сканерден өткiзу және өңдеу — 872 парақ;

«Еңбек ардагерi» ДҚ толықтыру — 125 тегi;

Цифрлық деректердi өңдеу — 24818 сурет;

«Ақмола облысы мұрағатының тарихы» көрмесi үшiн құжаттарды зерттеу — 17 бет;

«Ақмола облысының ұйымдары мен мекемелерiнiң тарихы» жинағы үшiн құжаттарды зерттеу — 3 парақ;

«Ақмола облысындағы аштық (1921-1922)» мақаласы үшiн құжаттарды жинақтау — 35 парақ;

Excel MS тiзбелердi енгiзу — 6697 атау;

Компьютерлердi жөндеу — 2 дана;

Көрме, кiтапты безендiру және әрлендiру — 2;

Құттықтау ашық хаттары — 5 парақ;

Картридждердi толтыру — 15 дана.

5.Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк мұрағат қызметкерлерiн мұрағат саласындағы жұмыс тәжiрибесi туралы, жұмыстың жаңа түрлерi мен әдiстерi туралы уақытылы ақпараттандыру жұмысы жалғасуда. Жаңа ережелер енгiзiлдi, үлгiлiк ереженi бiлу бойынша оқулар өткiзiлдi. Облыстық мұрағатта iс қағаздарын жүргiзу Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 2014 жылдың 22 желтоқсанында №144 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттау және құжаттаманы басқару үлгiлiк қағидасына сәйкес жүргiзiледi.

2016 жылдың 1-шi тоқсанында негiзгi қызмет жөнiндегi 20 бұйрық, жеке құрам бойынша — 37, әкiмшiлiк-шаруашылық, жазаға тарту жөнiндегi -5 бұйрық дайындалынды.

Мамандық бойынша еңбек өтiлiн есептеу бойынша комиссияның 3 отырысы өткiзiлдi, хаттамалары дайындалынды.

Ай сайын аппарат оқулары өткiзiлдi. Жасалған жұмыстардың есебi әрдайым жүргiзiледi. Мемлекеттiк мұрағат қызметкерлерiн және мұрағат iсiнiң ардагерлерiн әлеуметтiк қорғау сұрақтары бойынша аса мән берiледi.

Есепке түсiнiктеме:

Фотоүлдiрдiң жетiспеушiлiгiнен 2 фотоүлдiрдi жазу және айқындау жоспары толық орындалмады. Үлдiр мен айқындау сұйықтыққа ақшалай қаражат сәуiр айында бөлiнедi, жазу бойынша жоспар үлдiр сатып алынғаннан кейiн орындалады.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.05.2016 16:59
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика