АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
«Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК ұйымдастыруымен «Тұрақты түрде сақталатын құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жүргiзу және мемлекеттiк сақтауға тапсыру» тақырыбында семинар өттi.
Құжаттардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету және құзырлы органдардың мұрағаттарға құжаттарды сақтауға уақытында тапсырып отыруының маңызы зор. Елiмiздiң тарихи-мәдени жәдiгерлерiнiң маңызды бөлiгi ретiнде құжаттардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету осы сала қызметкерлерi үшiн мiндет болып табылады.
Құжаттарды дұрыс сақтауда уақытында ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргiзiп отыру үлкен рөл атқарады. Семинар барысында осы саланың бiлiктi мамандары өз тәжiрибелерiмен бөлiсiп, кәсiби бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерiн ортаға салды. Семинарға қатысушылар құжат сақтауды қамтамасыз етуге қатысты өздерiн толғандыратын сауалдарын қойып, толымды жауап алды.
Маржан ТӨЛЕУБАЕВА,
облыстық мемлекеттiк мұрағаттың маманы.