Атаулары өзгертілген Ақмола облысының коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі (DOCX 21 Kb)
Ақмола облысының құрылуына байланысты 1939 жылы 22 желтоқсанда Қазақ КСР IIХК № 1875 бұйрығымен Ақмола облысының IIХК басқармасының құрамында 1940 жылы қаңтар айында архив бөлiмi құрылды (ол 1940 жылы IIХК облыстық архивтің міндеттерін атқарды) және соған сәйкес 15 аудандық архив ендi.
1946 жылы облыстық мемлекеттiк архив бөлiмшелерi архив бөлiмдерi болып қайта құрылды.
1965 жылы Целинный өлкелiк мемлекеттiк архивi Целиноград облысының мемлекеттiк архивi болды.
2005 жылы 12 желтоқсанда Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң № 42 бұйрығымен Целиноград облысының және Көкшетау қаласының архивiнде уақытша орналасқан облыстық мекемелер, кәсiпорындар және партия мүшелерiнiң құжаттары Ақмола облысының мемлекеттiк архивiне көшiрiлдi.
2007 жылы мамыр айында Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң № 13 «Бұрынғы Көкшетау облысының құжаттарын Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивiнен Ақмола облысының мемлекеттiк архивiне тапсыру туралы» бұйрығына сәйкес облыстық архивке уездік және облыстық мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорын құжаттары тапсырылды.
Архивтің негізгі міндеттері: құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, ғылыми, мәдени және басқа да мекемелерді ақпараттық, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, құжаттарды пайдалану және жариялау, ақпараттық-іздестіру жүйелерін құру.
Мемлекеттік архив қызметінің мақсаты: құжаттарды сақтау, жинақтау, есепке алу және пайдалану болып табылады.
Облыстық архив құрылымында ақпараттық технологиялардың енгізілуіне байланысты 2012 жылдың шілде айында өзгерістер енгізіліп, ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімі ақпараттық технологиялар және кадрлық жұмыс бөлімі болып қайта құрылды. Облыстық архивтің құрылымы келесідей: басшылық, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімі, ведомстволық архивтерді бақылау бөлімі, ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімі, ақпараттық-архивтік технологиялар және кадр жұмысы бөлімі. Ақмола облысының мемлекеттік архивінде Атбасар және Көкшетау уездерінің, облыстық мекемелердің, бұрынғы Көкшетау облысы мен Ақмола облысының ұйымдары мен кәсіпорындарының құжаттары, бұрынғы партия органдарының құжаттары шоғырланған. Барлығы 1519 қор 416157 сақтау бiрлiгi бар.
Атбасар және Көкшетау уезiнiң қорларында соғысқа дейiнгi бiрiншi бесжылдықта Кеңес үкiметiн қалпына келтiру, ҰОС кезеңi, тың және тыңайған жерлердi игеру, барлық халық шаруашылық, мәдениет салаларын дамытуда, өндiрiс озаттарын марапаттау және көпбалалы аналар туралы мағлұматтар бар. Өте маңызды құжаттардың бiрi – Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгінің алғашқы жылдарындағы құжаттар. Олар: әлеуметтiк-экономикалық өркендеуi, қаржы, бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет және халық шаруашылық салалары.
Қоғам қайраткерлері, Еңбек ерлерi, соғыс ардагерлерi және тылдағылар ұсынған жеке тектi құжаттар қорлары өте құнды болып танылады. Мысалы, белгiлi ғалым, академик А. И. Бараевтың қоры, архив iсiнiң ардагері В. И. Качковский, Н. И. Байчиков, көрнекті қоғам қайраткерлері Көшімбаева Б., Р. Ш. Шерьязданова, Т. Ш. Мұқышев, Ч. М. Әбутәліпов, А. М. Сағитов және т. б.
Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң, архив қорының негiзгi құрамы тарихи ғылыми және тәжiрбиелiк құндылығы зор аудиовизуалды құжаттар болып табылады. Ақмола лагерiндегі отан сатқындары әйелдерiнiң тағдыры туралы бейнеқұжаттарын, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры, ғалым, педагог, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллин өмiрбаяны мен қызметi туралы құжаттарды ерекше атап кетуге болады.
Сақтаудағы киноқұжаттар облыстың колхоз және совхоз қызметкерлерiнiң еңбек жолындағы оқиғалары мен фактiлерiн бейнелейдi. Көкшетау қаласының тарихына арналған «Әнiм менiң Көкшетау» және «Город у Синегорья», сонымен қатар Бестөбе әуежайының «АН-24» әуе лайнерiн қабылдауға дайындығының киносюжетi, «Целиноградсельмаш» зауытының жұмысы, өнер және әдебиетке еңбегi сiңген Кирилл Лавров, Лев Ошанин, Махмуд Осанбаев, облыс ардагерлерiмен өткiзiлген шығармашылық кездесулер, Шучье қаласындағы кiшiгiрiм Олимпиада ойындарын өткiзу, Еңбек ерлерi туралы, облыстық еңбекшi Кеңес депутаттары туралы, облыс кәсiпорындарының соғыс және еңбек ардагерлерi туралы кинофильмдер жинақталған.
Ұлы Отан соғысы кезеңiндегi Акмолада жасақталған дивизия жауынгерлерiнiң және командирлерінің фотоқұжаттары сақталған. Ақмолалық - Қеңес Одағы Батырларының фотосуреттерi, соғыс жылдары еңбек еткен ақмолалықтар туралы сюжеттер.
Бiрегей фотосурет коллекциясы тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары болып табылады. А. И. Бараев атындағы Бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу астық шаруашылық институтының жұмысы қордағы құжаттарда кеңiнен айқындалған.
Облыстық архивтiң оқу залының пайдаланушылары арасында: ЖОО-мен мектеп оқытушылары, музей қызметкерлерi, журналистер, монография, мақалалар, дипломдық жұмыстар, генеалогиялық зерттеулер жүргiзетін өлкетанушылар және студенттер.
Құжаттарды пайдаланудың жұмысы бойынша дәстүрлі түрде облыс тарихындағы айтулы күндерге орай фотоқұжаттық көрмелер, дәрістер және тарих сабақтары дайындалып өткізіледі. Аталмыш іс-шараларға соғыс және тыл ардагерлері, тың батырлары, облыстың атақты адамдары, Көкшетау қаласының ЖОО оқушылары мен студенттері шақырылады. Өткізілген көрмелер келушілерді экспозициялармен және архив құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. Архив құжаттары негізінде «Акмолинцы в победе на Волге. 1942-1943 годы», «Акмолинской области 70 лет», «На службе истории» жинақтары, 1724,1840-1860, 1863, 1873-2010 жылдарының жолсілтемесі жасалды.
Архив қызметкерлерiмен дайындалған мақалалар, облыс және қалалық газеттерiнде жариялануда, олар оқырманды тарихи оқиғалармен, облыстың белгiлi адамдарымен таныстырады. Мемлекеттiк архивтің жұмысы тұрақты түрде облыстық телеарнасының бағдарламаларында жарияланады.
Архив - қағаздар қоймасы емес, ол тарихи жәдiгерлердiң қайнар көзi.