АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Zoom конференциясы

         Облыстық архивтің археографы Касимова Гульмира Кайдаровна Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырған «Кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихы: зерттелуі және мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференцияға «Ақмола облысының мемлекеттік архивінің қорларындағы: қуғын-сүргін тарихы» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.

         Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар мен тарихшылар қатысты. Баяндамашылар Кеңес кезеңіндегі тарихнама, деректану және әдіснама мәселелерін көтерді. Кеңестік мемлекеттіліктің құрылу тарихын зерттеу туралы айтты. Сондай-ақ жаппай саяси қуғын-сүргін, халықтарды республикаға депортациялау және 20-шы және 30-шы жылдардың басындағы Қазақстандағы ашаршылықтың екі ірі рецидивінің тарихын зерттеу мәселесі туралы сұрақтар көтерілді.

         Конференция соңында ұйымдастыру комитеті конференция материалдарының жинағын жариялауды жоспарлап отыр.

 

Мақаланың шыққан күні: 20.10.2021
Қаралым саны: 2677
Яндекс.Метрика