A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Зеренді аудандық архиві «Өлке тарихы - Ел тарихы» жылжымалы фотокөрме эстафетасын қабылдады

2018 жылдың 24 шiлдесiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң жетекшiлiгiмен ұйымдастырылған «Өлке тарихы — Ел тарихы» жылжымалы фотоархив құжаттар көрмесiнiң таныстырылымы Зерендi ауданында өттi. Жылжымалы фотокөрме Ақмола облысының қалыптасу мен даму тарихын баяндайтын 19 роллаптан тұрады. Аталмыш iс-шараға Зерендi ауданының ақсақалдары, еңбек ардагерлерi, кiтапхана қызметкерлерi, Зерендi ауданы мемлекеттiк архивiнiң мамандары және т.б. келiп аралады. Көрме таныстырылымы қазақ және орыс тiлдерiнде Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi — Уалиев Т.А. және Айтқожина Д.Е. өткiздi. Көрменi аралаған жұрт архив қызметкерлерiне өз сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауап ала алды. Iс-шараға барлығы — 60 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2018
Қаралым саны: 2444

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»