АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Жарқайын ауданы «Өлке тарихы – Ел тарихы» жылжымалы фотокөрме эстафетасын қабылдады

2018 жылдың 2 тамызында Жарқайың елдi мекенiнiң аудандық Мәдениет үйiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң жетекшiлiгiмен ұйымдастырылған «Өлке тарихы — Ел тарихы» жылжымалы фотоархив құжаттар көрмесiнiң таныстырылымы өттi. Жылжымалы фотокөрме Ақмола облысының қалыптасу мен даму тарихын баяндайтын 19 роллаптан тұрады. Iс-шараға Жарқайын ауданы әкiмiнiң орынбасары, ардагерлер және жастар ұйымдарының өкiлдерi, мемлекеттiк органдар қызметкерлерi, Жарқайың ауданы архивiнiң мамандары, мектеп оқушылары және БАҚ өкiлдерi қатысты.

Жылжымалы көрменiң Есiл ауданынан Жарқайың ауданына тапсыру рәсiмiн Есiл ауданы мемлекеттiк архивiнiң директоры Жүсiпбеков Дәулет Ақанұлы мен Жарқайын ауданы мемлекеттiк архивiнiң директоры Кошкина Ольга Леонидовна жүргiздi. Көрме таныстырылымы қазақ және орыс тiлдерiнде Ақмола облысы мемлекеттiк а рхивiнiң қызметкерлерi — Уалиев Т.А. және Айтқожина Д.Е. өткiздi. Iс-шараға 85 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 02.08.2018
Қаралым саны: 2946