АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Жас өлкетанушылар» облыстық архивке келді

Жас өлкетанушылар үшін ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі А. Алдибекова «Ақмола облысының тарихы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегі көрме залы бойынша экскурсия жүргізді. Сондай-ақ архив қоймасының меңгерушісі Е. Масленникова оқушыларға қорлардың қалай құрылатыны және құжаттардың қалай сақталатыны туралы айтып берді.

Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейінің жанында «Жас өлкетанушы» үйірмесі 2024 жылдың қаңтарынан бастап өз жұмысын бастаған. Үйірменің мақсаты өскелең ұрпақты ұлтшылдыққа тәрбиелеу, туған өлкенің тарихи және мәдени мұрасына қамқорлықпен қарау, олардың шығармашылық көзқарастарын дамыту үшін жағымды жағдай жасау, мағыналы демалысты ұйымдастыру болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 05.03.2024
Қаралым саны: 1000
Яндекс.Метрика