АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Әлеуметтік-құқықтық сұраныстар бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуде өзара іс-қимыл

2019 жылдың 20 маусымында архивтiк құжаттарды қолдану және беру бөлiмiнiң қызметкерлерi Ақмола облысы бойынша № 1 «Азаматтарға арналған үкiмет» КЕАҚ мемлекеттiк корпорациясы филиалы мамандарына «Әлеуметтiк-құқықтық сұраныстар бойынша Мемлекеттiк қызмет көрсетуде өзара iс-қимыл жасау» тақырыбында семинар-кеңес өткiздi.

Семинарды Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң архивтiк құжаттарды беру және қолдану бөлiмiнiң басшысы Н.Э. Кукушева ашты, 2019 жылдың 13 мамырында шыққан «Архивтiк анықтамаларды, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндi көшiрмелердi беру» мемлекеттiк қызмет көрсетудiң жаңа стандартының талаптары мен өзгерiстерiмен мемлекеттiк корпорацияның мамандарын таныстырды. Архивист А.Б. Жакупова архивке келiп түсетiн сұрауларға түсiнiктеме бердi. Ақмола облысының елдi мекендерiнiң атауларының өзгеруi туралы сұраулардың арта түскенiн атап айтты.

Мақалың шыққан күні: 26.06.2019
Қаралым саны: 3801
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика