АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Цифрлық форматтағы көрме Зеренді ауданында

Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты тұрақты көрме залы жұмыс iстейдi. Көрмеде Ақмола облысының тарихы мен көрнектi тұлғалары жайында архивтiк материалдар жинақталған. Көрме 18 ғасырдан бүгiнгi күнге дейiнгi құжаттар кезеңiн қамтиды. Аталмыш көрменiң цифрлық негiздегi форматы Зерендi ауданы №1, 2 және 3 орта мектептерiнде қойылды.

Көрменiң басты мақсаты шәкiрттерге туған өлкенiң, елiмiздiң даму тарихында алатын орны туралы фотоархивтiк құжаттар арқылы бiлiмдерiн кеңейту, патриоттық және туған жерi Қазақстан Республикасы үшiн мақтаныш сезiмдерiн қалыптастыру.

Мақалың шыққан күні: 19.03.2020
Қаралым саны: 2781
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика