A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ілияс Есенберлиннің 105-жылдығына арналған фотоқұжаттық көрме

Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң ұйымдастыруымен көрнектi жазушы Iлияс Есенберлиннiң 105-жылдығына арналған «Кемел ойлы кемеңгер» атты фотоқұжаттық көрме өттi. Көрмеге И. Есенберлиннiң Әдеби музейiнiң қызметкерлерi, сонымен қатар Көкшетау техникалық институтының курсанттары шақырылды.

Iлияс Есенберлин Ақмола облысы Атбасар қаласында 1915 жылы дүниеге келдi. 9 жасында ата-анасынан айырылып жетiм қалды, балалар үйiнде тәрбиелендi. Есенберлин қазiргi қазақ әдебиетiне баға жетпес үлесiн қосты. Ол «Көшпендiлер» роман-трилогиясының авторы.

Көрмеде жазушының жеке мұрағатынан алынған фото, құжаттар, жеке киiмдер және кiтаптар қойылды.

Облыстық архив директоры И. Есенберлиннiң Әдеби музей қызметкерлерiне облыстық архивпен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан кiтаптарды табыс еттi.

Мақаланың шыққан күні: 09.01.2020
Қаралым саны: 2270

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»