2019 жылдың 26 қарашасында Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде Тұңғыш Президент күнiне орай «Елi сүйген, елiн сүйген Елбасы» атты архив құжаттары негiзiнде көрме өттi. Iс-шараға Көкшетау техникалық институтының 2 курс курсанттары қатысты.
Көрмеде Елбасының жастық шағы, отбасылық өмiрi, саяси өмiрбаяны туралы құжаттар мен фотосуреттер қойылды.
Көрменiң мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың өмiр жолы, жүргiзiлген саясаты туралы мәлiмет беру. Туған өлкенiң, елiмiздiң даму тарихында ерекше орын алатын дара тұлға туралы фотоархивтiк құжаттары арқылы курсанттардың бiлiмдерiн кеңейту, туған жерi Қазақстан Республикасы үшiн мақтаныш сезiмдерiн қалыптастыру.
Көрмеге Н.Ә. Назарбаевтың кiтаптар жинағы және Елбасы туралы жазылған кiтаптар қойылды. Тұңғыш Президент, Елбасы туралы «Рядом с первым» атты деректi фильм көрсетiлдi.