Ақмола облысының мемлекеттiк архивiне Қазақстан Ресубликасының Тәуелсiздiк Күнiне орай «Елiмнiң бақытын тербеткен Тәуелсiздiк» атты архив құжаттары негiзiнде көрмеге Көкшетау техникалық институтының 3 курс тыңдаушылары келiп қатысты. Көрмеде ҚР Тәуелсiздiгiн алғаны туралы газеттiк жарияланымдар, жарлықтар, заңдар, құжаттар, Тәуелсiздiк жылдарындағы жетiстiктерiмiз туралы фотосуреттер қойылады.
Көрменiң басты мақсаты курсанттарға Тәуелсiз Қазақстанның даму тарихы туралы мәлiмет берiп туған өлкенiң, елiмiздiң даму тарихындағы архивтiк құжаттар арқылы бiлiмдерiн кеңейту. Туған жерi үшiн мақтаныш сезiмдерiн қалыптастыру.
Кейiн курсанттарға тарих сабағы өткiзiлдi. Сабақта «Тәуелсiздiк шежiресi» атты деректi фильм көрсетiлдi.