АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 71 жылдығына арналған «Майданда да, тылда да...» архивтік құжаттардың көрмесі

2016 жылдың 5 мамырында көрменің ашылуына Ш.Уәлиханов атындағы университеттің студенттері шақырылып, экскурсия өткізілді. Мерекелі күнге орай «Ақмола облысы Ұлы Отан соғысы жылдары» тақырыбында сабақ әзірленді. Оған 23 құжат, 33 слайд іріктелді. 2016 жылғы 27 сәуірде № 2 Қызылжар мектебінде 8-10 сынып оқушыларына соғыс жылдарындағы құжаттарды интерактивті тақта арқылы көрсете отырып, 4 сабақ өткізілді. Мемлекеттік архив кітапханасы қорынан Ұлы Отан соғыс туралы тақырыптық кітаптар іріктелді. Олардың қатарында орталық құжат басылымдары, «Книга памяти», архивтік мекемелердің құжаттар жинағы. «Майданда да, тылда да...» архивтік құжаттар көрмесі ақмолалықтардың Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы жеткізеді, көрмеге 54 материал қойылған. Осы көрмеге бірқатар жаңа құжаттар енгізілді: 1941 жылдың 23 маусымында «Акмолинская правда» газетінің шұғыл басылымындағы КСРО сыртқы істер Халық Комиссары В.М.Молотовтың сөзінің мәтіні, Макинск поршенді дөңгелек жасау зауытының тарихы туралы фотоқұжаттар, Көкшетау қаласы ҰОС ардагерлер кеңесі, азаматтардың жеке архивтерінен сақтауға тапсырылған қолбасшылық алғыстар, әскери суреттер, мерейтолық марапаттаулар. Көрмеде алғаш рет Жеңістің 70-жылдығына облыстық архивпен дайындалған «Соғыс. Жеңіс. Естелік.» құжаттар жинағы ұсынылды.

       

Мақаланың шыққан күні: 05.05.2016
Қаралым саны: 2791
Яндекс.Метрика