A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Өлке Тарихи-Ел Тарихи» көрмесі Көкшетау қаласында

27 мамырда Көкшетау қаласы мемлекеттiк архивi ұйымдастыруымен облыстық архивпен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырып отырған, «Өлке тарихы –ел тарихы» атты архив құжаттарының фотокөрмесi Көкшетау қаласы «Достар» мәдениет үйiнде өттi. Көрменiң мақсаты жас ұрпақты өңiрдiң тарихын тануға, бiздiң халқымыздың рухани құндылықтарын бiлуге, жастарды бағыттау болып табылады.

Ашылу салтанатында қалалық архив директоры Т.Ж. Какпенов, Көкшетау қаласының Құрметтi азаматы А.Х. Мурзин, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ш.Ш. Алиев, Красный Яр ауылдық округiнiң әкiмi Н. К. Айсин, Станционный кентiнiң әкiмi Т. Ардақ, сонымен қатар Көкшетау қаласының мекемелерi мен ұйымдарының қызметкерлерi құттықтау сөзбен ашты.

Аталған көрменi Ақмола облысының мемлекеттiк архив қызметкерлерi екi тiлде жүргiздi. Көрмеге Көкшетау техникалық институты, әскери-техникалық мектебiнiң оқытушылары мен курсанттары, №5510 әскери бөлiмiнiң жеке құрамы мен сарбаздары, жоғары техникалық колледжi, медициналық колледж, құрылыс-техникалық колледж, «Арна», «Бурабай» колледждерiнiң студенттерi, сондай-ақ балабақшалардың тәрбиешiлерi мен тәрбиеленушiлерi тамашалады.

Мақаланың шыққан күні: 27.05.2019
Қаралым саны: 2300

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»