Қазақстан халықтарының Бірлігі Күні мерекесі қарсаңында Ақмола облысының мемлекеттік архиві «Арқа ажары» газетінің редакциясына «Соғыс. Жеңіс. Естелік» және «Ағалардың асу жолдары» атты жинақтарды табыс етті. Бұл жинақтар облыстық архив қорының материалдары бойынша шығарылды.