АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Дала айлағы» виртуалды көрмесі

12 сәуiр халықаралық Авиация мен ғарышкерлiк күнi. Бұл тарихи дата — адам баласының алғышқы ғарышқа ұшуына арналған. 1961 жылдың 12 сәуiрiнде Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин ғарыш кемесiнде Жердi айналып, ғарыштық басқарып ұшудың жаңа дәуiрiн ашты. Гагаринның ғарыштағы 108 минуты бүкiл әлемдi дүр сiлкiндiрдi. Тұңғыш ғарышкерлер тұтас бiр буынның кумирлерi болды.
Қазақстандықтар үшiн бұл ерекше мейрам, өйткенi ғарышқа ұшу бiздiң жерiмiздегi Байқоңыр ғарыш айлағынан жасалынды. Байқоңыр алғашқы және ең көп қолданылатын әлемдегi ғарыш айлағы. Қазақ жерi әрдайым ғарышкерлердi жылы шыраймен қарсы алуда.
Тәуелсiздiк жылдары қазақстандық ғарышкерлiгiнiң дамуына зор мүмкiндiк бердi. 1991 жылдың қазанында Қазақстанның № 1 ғарышкерi Тоқтар Әубәкiров халықаралық экипаж құрамында ғарышқа аттанды. Ғарышта болғандардың қатарында — Талғат Мұсабаев, Айдын Аимбетов те бар, олар Қазақстанның Халық Қаһарманы атағына ие болды.
Атаулы күннiң 55-жылдығына Ақмола облысының мемлекеттiк мұрағаты сайтына орналастыру үшiн құжаттар мен материалдардың көрмесi дайындалды. Экспозициялық жоспарға мұрағат фотосуреттерi, газет басылымдары енгiзiлген. Экспозициялық қатарды толықтыру үшiн Көкшетау қаласы мемлекеттiк мұрағатының фотоқұжаттары, интернет желiсiнен фотосуреттер пайдаланылды.

                  

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2016
Қаралым саны: 2760
Яндекс.Метрика