A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Мектептердегі виртуалды экскурсия Ақмола облысы мемлекеттік архив қызметкерлері «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты көрме залы материалдары бойынша виртуалды экскурсиялар өткізуде

13 маусымда облыстық архив қызметкерлерi археограф Рамазанова Г.К. және архивист Алдибекова А.К. №11,№18 жалпы бiлiм беру мектептерiнде виртуалды экскурсиялар өткiздi.

Жазғы мектепалды алаң оқушылары үшiн виртуалды экскурсия жаңалық болды, олар экскурсия жетекшiлерiн мұқият тыңдап ХIХ — ХХ ғ. фото суреттерi бойынша сұрақтар қойды.

Виртуалды экскурсиялар оқушылар мен мұғалiмдерге мектептен шықпай-ақ облыстық архив ғимаратында орналасқан көрме залының экспозициясымен танысуға мүмкiндiк бередi. Аталмыш цифрлы үлгi қазiргi кезде кеңiнен қолданылады.

Алдағы кезде Ақмола облысы мемлекеттiк архивiмен Көкшетау қаласының мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарда көшпелi виртуалды экскурсиялар өткiзу жоспарлануда.

Мақаланың шыққан күні: 13.06.2019
Қаралым саны: 2139

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»