Ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң қызметкерлерiмен Ш. Уәлиханов ат. КМУ және Ақмола облысының мемлекеттiк архив арасында 2018 жылғы өзара ынтымақтастық Меморандумы негiзiнде «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты көрме залы бойынша құқықтану және жалпы медицина мамандығы студенттерi үшiн виртуалды экскурсия өткiздi.
Көрме залы бойынша кеңейтiлген экскурсия жүргiзiлдi. Шәкiрттердi әсiресе Ақмола облысы ҰОС жылдары, 1960-1980 жж, облыс жетекшiлерi және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста өткен елеулi iс-шаралар тақырыптары қызықтырды. Сонымен қатар студенттерге ҚР Тұңғыш Президентi Күнiне орай тарих сабағы өткiзiлдi. Сабақ барысында облыстық архив қорларынан алынған фотоматериалдар көрсетiлдi.
Соңында студенттерге тыңдаған эскурсия бойынша сұрақтар қойылып, сауалнама парақтары таратылды. Бұл сауалнама тыңдаған ақпаратты бекiту үшiн және тыңдаушылардың пiкiрiн бiлу мақсатында таратылды.