2024 жылдың 03 мамырында «Қоғамдық келісім» КММ мен Ақмола облысының мемлекеттік архиві бірлесіп, 9 мамыр Жеңіс күніне орай және С. Нұрмағамбетов пен Р. Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған соғыс ардагерлері мен қазіргі заман батырлары туралы деректі кино кеші ұйымдастырылып, «Жеңіспен соғыс аяқталды» тақырыбында фотоқұжаттық көрме өткізілді.
Аталмыш іс шараның мақсаты өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту және де есімі мәңгі тарихта қалған Ұлы Отан соғысының батырларын ұмытпауға шақыру.
Кино кешке Ақмола облысының мемлекеттік архивіндегі сақтаудағы деректі фильмдер көрсетілді. Іс шараға «Ақмола облысының мамандырылған күзет қызмет басқармасы» ММ қызметкерлері және Көкшетау қаласының жоғарғы арнайы орта білім беру мекемелерінің студенттері қатысты.