2022 жылдың 29 маусымында «Көкше» өңірлік телеарнасы жаңалықтар бағдарламасында Ақмола облысы мемлекеттік архиві оқу залының жұмысы туралы сюжет түсірді.
Архивтік құжаттарды пайдалану және беру бөлімінің жетекшісі Н.Э. Исенова оқу залының жұмысы туралы сұхбат берді, сондай-ақ Германиядан келген зерттеуші Гамбург университетінің докторанты Хелена Хенц зерттеу жұмысы бойынша сөз сөйледі, тақырыбы: «Миграция немцев и других национальных меньшинств из села в город в 1953-1982 годы».