АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Өлке тарихы – Ел тарихы» жылжымалы фотокөрменің таныстырылымы Астрахан ауданында өтті

2018 жылдың 8 тамызында Астраханка елдi мекенiнiң аудандық Мәдениет үйiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң жетекшiлiгiмен ұйымдастырылған «Өлке тарихы — Ел тарихы» жылжымалы фотоархив құжаттар көрмесiнiң таныстырылымы өттi. Жылжымалы фотокөрме Ақмола облысының қалыптасу мен даму тарихын баяндайтын 19 роллаптан тұрады.

Iс-шараны аудан әкiмiнiң орынбасары Жанар Шахпутова құттықтау сөзiмен ашты. «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты бiрiншi жобаның жүзеге асырылуы туралы ақпаратпен Астрахан аудандық архивiнiң директоры Зәуре Аманжолова бөлiстi. Сонымен қатар көрменi Астрахан ауданының әкiмi Сеилов Нұрлан Қазезұлы, аудан ақсақалдары, еңбек ардагерлерi, кiтапхана қызметкерлерi, мемлекеттiк қызметкерлер де аралап көрдi. Көрме таныстырылымы қазақ және орыс тiлдерiнде Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi — Уалиев Т.А. және Айтқожина Д.Е. өткiздi. Iс-шараға барлығы — 140 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 08.08.2018
Қаралым саны: 3131
Яндекс.Метрика