2018 жылдың 01 тамызында Есiл ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң жетекшiлiгiмен ұйымдастырылған «Өлке тарихы — Ел тарихы» жылжымалы фотоархив құжаттар көрмесiнiң таныстырылымы өттi. Жылжымалы фотокөрме Ақмола облысының қалыптасу мен даму тарихын баяндайтын 19 роллаптан тұрады.
Iс-шараға Есiл ауданы әкiмiнiң орынбасары Пiрзадаев Арман Нұрғабылұлы, Есiл ауданы архивiнiң қызметкерлерi, мемлекеттiк органдар өкiлдерi, бiлiм беру, жастар ұйымдарының өкiлдерi және оқушылар қатысты.
Жылжымалы көрменiң Жақсы ауданынан Есiл ауданына тапсыру рәсiмiн Жақсы ауданы мемлекеттiк архивi директорының м.а. Смагулова Татьяна Алексеевна мен Есiл ауданы мемлекеттiк архивiнiң директоры Жүсiпбеков Дәулет Ақанұлы ойдағыдай жүргiздi. Көрме таныстырылымы қазақ және орыс тiлдерiнде Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi — Уалиев Т.А. және Айтқожина Д.Е. өткiздi. Фотоархив құжаттарының көрмесiне барлығы 116 адам қатысты.