A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Туған жер» бағдарламасын ақпараттық жүзеге асыру аясында Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің басшысы Кукушева Н.Э. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда Ақмола облысы мемлекеттік архивінің рөлі» атты дәріспен сөз сөйледі.

24 шiлдеде сағат 10.00-да Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң басшысы Кукушева Н.Э. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң рөлi» атты дәрiспен сөз сөйледi. Дәрiс Ақмола облысында «Туған жер» бағдарламасын ақпараттық жүзеге асыру аясында жүргiзiлдi. Дәрiс негiзiнде «Қазақстан ҚРРТ» АҚ АОФ мемлекеттiк архив қызметi жөнiнде телесюжет әзiрлендi.

«Туған жер» жобасы тарихшылардың, өлкетанушылардың және архивистердiң кәсiби саласына жатады. Ақмола облысының мемлекеттiк архивi аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру бойынша белсендi және өнiмдi жұмысты жүргiзуде. Бұл бiз архивистер үшiн, БАҚ арқылы мақалалар, ақпарат, дәрiс, сабақтар жүргiзу, жинақтар шығару, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру арқылы архивтiк құжаттардың көптүрлiлiгiн, бiрегейлiгiн көрсетудiң ерекше әрi ұтымды мүмкiндiгi болып табылады.

Мiне бүгiн де, жерлесiмiз, Ақмола аймағының мақтанышы, Социалистiк Еңбек Ерi, «Ижевский» ӨК бас директоры Жангуразов И.Д. 80-жылдығына орай мемлекеттiк архив қызметкерлерi «Человек труда — патриот своей страны» атты фотоқұжаттық көрменi ұйымдастырды. Бұл арда азаматымыздың еңбек жолы қазiргi қазақстандық жас ұрпақ үшiн үлгi-өнеге болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2017
Қаралым саны: 3861

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»