A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ақмола облысында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мен ақпараттық тарату аясында мемлекеттік архивте «Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизмнің негізі» атты дөңгелек үстел өтті

2017 жылдың 26 маусымында Ақмола облысында «Туған жер бағдарламасын жүзеге асыру мен ақпараттық тарату аясында мемлекеттiк архивте «Туған жер» бағдарламасы — жалпыұлттық патриотизм негiзi» атты дөңгелек үстел өттi.

Дөңгелек үстел жұмысына «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкiмдiгi жанындағы сараптау комиссиясының мүшесi, б.ғ.д., профессор, РЖА және ҚР АШҒА академигi Хусаинов Ә.Т., еңбек ардагерi, Көкшетау қалалық ардагерлер Кеңесiнiң мүшесi Исмаилов Ж.А., Ш. Уәлиханов атындағы КМУ "Өсiмдiктану, топырақтану және агрохимия» кафедрасының доцентi Әленов Ж.Н. және Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi қатысты.

Iс-шара барысында б.ғ.д., профессор Хусаинов А.Т. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың негiзгi жолдары» атты баяндамасында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бiрқатар тұжырымдамалық тәсiлдердi атап өтiп, Ақмола облысындағы ауылшаруашылық және экология мәселелерiне тоқталып, олардың «Туған жер» бағдарламасы аясында шешу жолдарын ұсынды. Ақпараттық-ұйымдастыру бөлiмiнiң басшысы Кукушева Н.Э. «Туған жер» бағдарламасы аясында АОМА архивтiк қызметi» атты баяндамасында тарихи-мәдени мұраның маңызды бөлiгi ретiнде архивтiк құжаттардың насихаттауына бағытталған көлемдi жұмыстардың атқарылғандығы жөнiнде сөз қозғады. Архивист Уалиев Т.А. «Туған жер» бағдарламасы аясында тарихшы-архивистердiң мiндеттерi» атты баяндамасында «Туған жер» бағдарламасы аясында архивистердiң алдында тұрған жаңа мiндеттер жайлы өз ойымен бөлiстi.

Дөңгелек үстел «Туған жер» бағдарламасын жүзегеасырудың әртүрлi тұстары мен механизмдерi және оның Қазақстанның рухани жаңғыруына тигiзетiн әсерi талқыланған кезектi сұқбат алаңына айналды.

Мақаланың шыққан күні: 26.06.2017
Қаралым саны: 3617

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»