АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ақмола облысының мемлекеттік архивінде «Жас зерттеуші» клубының мүшелерімен кезекті кездесу өтті

2019 жылы 21 қарашада Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде 2019-2020 жылғы жұмыс жоспары бойынша «Жас зерттеушi» клубының мүшелерiмен кезектi кездесу (архив құжаттарымен жұмыс бойынша мастер — класс) өттi.

«Жас зерттеушi» клубының кураторы А. Алдибекова жас зерттеушiлердi кездесудiң күн тәртiбiмен таныстырды. Бiрiншi сөз кезегi «Жас зерттеушi» клубының президентi Түлкiбай Динараға берiлдi, ол өзiнiң мақаласын архив құжаттарымен қалай жазғаны туралы айтты. Екiншi сөз кезегi клуб мүшесi Тайжан Елдарға берiлдi, ол өз сөзiнде 106 кавалериялық дивизия туралы жазған мақаласы туралы, қалай қалалық және облыстық ғылыми жобалар байқауының жеңiмпазы болғаны жайлы және қандай архив қорларымен жұмыс жасағаны жөнiнде айтты.

Қорлардың бас сақтаушысы Маусымбаева Қ.К. жас зерттеушiлерге архив құжаттарымен жұмыс жасау бойынша мастер — класс өткiздi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Тарихи — мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ мамандары Ақмола облысының киелi орындары туралы мәлiмет бердi. Ақмола облысының киелi жерлерi туралы фотосуреттер қойылған роллаптарды көрсеттi.

2018-2019 оқу жылындағы жас зерттеушiлердiң ғылыми жобалары енгiзiлген, архив құжаттары негiзiнде жазылған «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты жинақты келесi жас зерттеушiлерге: Д. Түлкiбай., А.Такенова., С. Жамшитова., Т.Абишева., Н. Буленбай Ақмола облысы мемлекеттiк архив директорының орынбасары Г.К. Шамганова салтанатты түрде кiтаптарды табыс еттi.

Ақмола облысының мемлекеттiк архив құжаттары негiзiнде ауқымды ғылыми зерттеу жұмысын жазғаны үшiн «Жас зерттеушi» клубының белсендi мүшесi, М.Ғабдуллин ат. № 3 көп тiлде оқытатын мектеп гимназиясының 11 «а» сынып оқушысы Тайжан Елдарға Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының архивтер жұмысымен қамтамасыз ету бөлiмiнiң басшысы Г.М. Филипьева мақтау қағазын табыс еттi.

Iс — шара соңында естелiк суретке түстi.

Мақаланың шыққан күні: 21.11.2019
Қаралым саны: 2231