A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Өлке тарихы - Ел тарихы» фотокөрмесі Степногорск қаласында өтті

«Горняк» мәдениет үйiнде «Өлке тарихы — Ел тарихы» атты жылжымалы фотокөрме өттi. Ашылу салтанатында Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Баян Ермекқызы Айтпаева сөз сөйледi. Баян Ермекқызы өз сөзiнде ұсынылған фотоқұжаттар өзiнiң тарихи құндылығы бар екендiгiн және әр ауданның тәуелсiздiк кезеңiндегi әлеуметтiк-экономикалық дамуын баяндайтынын атап өттi.

Жылжымалы көрмеге Степногорск қаласының мәслихаты, ауылдық округ әкiмдерi, бiлiм беру бөлiмi, мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi, қалалық өлкетану мұражайы, қалалық қазынашылық бөлiмi, түзеу мектебi, балалар музыкалық мектебi, балалар шығармашылық мектебi, «Мирас» мәдениет үйi, кiтапхана жүйесi, қалалық емхана, орталық аурухана, СЭҚ, «НАЦ-Биомедпрепарат» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Болашақ» мектебi, жергiлiктi «Престиж» және «Новая» БАҚ корреспонденттерi, қалалық мектеп оқушылары және мұғалiмдерi, метеп жанындағы кадет корпусының оқушылары, тау-кен техникалық және индустриалды-техникалық колледж студенттерi келiп тамашалады.

Мақаланың шыққан күні: 11.09.2019
Қаралым саны: 2111

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»