АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Тарих сабағы

2024 жылдың 13 ақпанында Ақмола облысының мемлекеттік архивінде ақпараттық — ұйымдастыру бөлімінің археографы А. Курмашев, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасының аумағынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Воины — Афганцы» тақырыбында тарих сабағын өткізді.

Іс шараға Ауған соғысының ардагерлері Даулетжанов Омирсерик Нуриденович, Калмаганбетов Марат Атымтаевич, Козубаев Кадыржан Бексултанович және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери — техникалық мектебі» РМҚ Щучье филиалының сарбаздары қатысты. Ардагерлер Ауған соғысы оқиғалары туралы естеліктерімен бөлісті.

Жыл сайын 15 ақпанда біз Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Отан сыртындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери күштерімізді еске аламыз. Интернационалист — жауынгерлерді еске алу күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан ақыры шыққан 1989 жылмен де байланысты. Сонау Ауғанстанда кеңес жауынгерлері өздерінің үздік адами батылдықты, табандылық және тектілік сынды қасиеттерін көрсетті.

Сарбаздарға Ауған соғысының батырлары мен интернационалист — жауынгерлер мен олардың отбасыларына көмек пен үлес қосқандардың өмірі туралы айтылды. Облыстық мемлекеттік архив қорынан қатысушыларға Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетілді.

Мақаланың шыққан күні: 14.02.2024
Қаралым саны: 1037
Яндекс.Метрика