«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Туған елге тағзым» атты өлкетанулық-зерттеу экспедициясы жобасы аясында 2022 жылдың маусым айының 22-сі күні облыстық архивке келді. Оқушыларға мемлекеттік архив жұмысының маңыздылығын түсіндіру және осы салада еңбек жасайтын қызметкерлердің атқарып жүрген жұмыстарымен кеңінен таныстыру мақсатында әрбір бөлімнің жұмысы жайлы ақпарат берілді.
Сондай-ақ оларға «Ақмола облысы архив құжаттарында» тұрақты әрекеттегі көрме залы бойынша экскурсия жүргізілді.