2024 жылдың 06 маусымында Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен оқушылары «Көкшетау қаласын кешенді зерттеу» жазғы мектеп курсы аясында Ақмола облыстық мемлекеттік архивіне курс бағдарламасына сай ақпарат алу үшін экскурсияға келді. Ақпараттық - ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі А.К. Алдибекова келушілерге архив жайлы ақпаратпен бөлісіп, көрме залына экскурсия жүргізді. Оқушылар архив деректерімен жұмыс жасауды, қоймада құжаттардың сақталуы жайлы т.б. мәліметтер алды.