Ақмола облысының мемлекеттiк архивi Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Ел аңсаған Тәуелсiздiк» атты фотоқұжатты көрмесiн өткiздi. Iс-шараға жалпы орта бiлiм беретiн № 12 мектеп оқушыларының 8 сынып оқушылары шақырылды.
Көрме Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң фотоқұжаттары негiзiнде дайындалды. Оқушыларға Тәуелсiз Қазақстанның, Ақмола облысының 30 жыл iшiндегi жетiстiктерi таныстырылып, бейнеролик көрсетiлдi.