АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Тарих мамандығының студенттері облыстық архивке келді

Облыстық архивке Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау университетінің Тарих мамандығының студенттері келді. Оқушылар «Серпін» бағдарламасы бойынша грант иегерлері болып табылады және біздің облысқа еліміздің басқа өңірлерінен келді. Осыған байланысты студенттерге «Ақмола облысы архив құжаттарында» көрме залы бойынша ауқымды экскурсия жасалды.

         Оқушыларға экскурсия ұнады, олар сұрақтар қойып, сұрақтарына толық жауаптар алды. Әсіресе, олар екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ақмолалықтардың ерліктеріне тәнті болды. Одан әрі қорлардың бас сақтаушысы архив қоймасын көрсетті және құжаттарды мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы туралы айтып берді.

Мақаланың шыққан күні: 24.11.2021
Қаралым саны: 2912
Яндекс.Метрика