АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Мемлекеттік архив мамандары жаңартылған «Құжаттардың бірыңғай электрондық архив» ақпараттық жүйесінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы өзекті мәселелері бойынша ішкі семинар-практикум өткізді

Семинарды құжаттарды пайдалану және беру бөлімінің жетекшісі Исенова Н.Э. ашты, ол Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2021 жылдың қыркүйегінде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архив» ақпараттық жүйесі пайдалануға енгізілгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта модульді пысықтау бойынша барлық техникалық жұмыстар аяқталды, ақпараттық жүйе жаңартылды. Қазақстан халқының «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін толық көлемде алуға мүмкіндігі бар.

Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» интеграцияланған ақпараттық жүйесінен «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі бойынша барлық өтінімдер «Құжаттардың бірыңғай электрондық архив» ақпараттық жүйесі арқылы түсетінін хабарлайды. «Е-акимат» ақпараттық жүйесінде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету толығымен тоқтатылады. Қазіргі уақытта «Құжаттардың бірыңғай электрондық архив» ақпараттық жүйесіне Ақмола өңірінің барлық мемлекеттік архивтері қосылған.

 

Мақалың шыққан күні: 29.11.2022
Қаралым саны: 1371
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика