АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша КЕАҚ Мемлекеттік корпорациясында Облыстық мемлекеттік архивтің мамандары «Азаматтарға арналған үкімет»,«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

2021 жылдың 30 сәуірінде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша КЕАҚ Мемлекеттік корпорациясында Облыстық мемлекеттік архивтің мамандары «Азаматтарға арналған үкімет»,«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар Ақмола облысының Красный Яр ауданындағы ауылдық фронт-кеңсесінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында өтті.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысының мемлекеттік архивінің «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» бөлімі белсенді жұмысын жалғастыруда. Атап айтқанда, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында облыстық мемлекеттік архивтің мемлекеттік қызметтерді көрсетуі туралы мақалалар тұрақты негізде жарияланып отырады, «электронды портал» арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынудың артықшылықтары туралы әрбір өтініш берушіге жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Облыстық мемлекеттік архивте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, оған сәйкес компьютерлік жабдықтар сатып алынды: компьютер, сканер, принтер, веб-камера, картаны оқу құрылғысы.

Облыстық мемлекеттік «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» бөлімінің бастығы Н. Исенова Мемлекеттік корпарация мамандарына өзара бірлесіп жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдіреді.

Мақалың шыққан күні: 30.04.2021
Қаралым саны: 1767
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика