A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Облыстық Мемлекеттік архив мамандары "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру"мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

2020 жылдың 08 желтоқсанында облыстық Мемлекеттiк архив мамандары "Азаматтарға арналған үкiмет" МК КЕАҚ "Архивтiк анықтамаларын, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру"мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерi бойынша семинар-кеңес өткiздi.

Семинар Ақмола облысының Красный Яр ауылының фронт-офисiнiң "Азаматтарға арналған үкiмет" МК КЕАҚ өткiзiлдi. Құжаттарды пайдалану және беру бөлiмiнiң басшысы Н.Исенова бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына және олардың электрондық форматқа толық көшуiне ерекше назар аударылатынын атап өттi.

Ақмола облысының мемлекеттiк архивi "Архивтiк анықтамаларын, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру"мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсендi жұмысын жалғастыруда. Атап айтқанда, өңiрлiк БАҚ-та тұрақты негiзде облыстық мемлекеттiк архивтiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша мақалалар жарияланады, әрбiр өтiнiш берушiмен "электрондық үкiмет" порталы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң артықшылықтары туралы жеке түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi, облыстық мемлекеттiк архивте "өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы" жұмыс iстейдi, тиiстi компьютерлiк техника: компьютер, сканер, принтер, веб-камера, картридер сатып алынды.

Облыстық мемлекеттiк архив бөлiмiнiң басшысы Н.Исенова мемлекеттiк корпорация мамандарына "Архивтiк анықтамаларын, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi жемiстi өзара ынтымақтастығы үшiн алғысын бiлдiрдi.

Мақаланың шыққан күні: 08.12.2020
Қаралым саны: 2112

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»