«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнде «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты фотоқұжаттық көрме жұмыс iстейдi.
Экспозицияда Ақмола облысы тарихының фотосуреттерi бейнеленген. Ұсынылған материалдардың хронологиясы XIX-XXI ғасырлар кезеңiн қамтиды. Экспонаттар эксклюзивтi, себебi келушiлерге бұрын жарияланбаған материалдар ұсынылды.
Ақмола облыстық сотының қызметкерлерi 2018 жылдың 11 қыркүйегiнде «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты көрмеге қатысты. Сондай-ақ, облыстық соттың ұжымына аңызға айналған кеңес ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының екi мәрте батыры, бiздiң отандасымыз Т.Я. Бегелдиновке арналған «Высокое небо Талгата» деректi фильмi ұсынылды. Фильм Алматы қаласының ОМА-нен облыс қызметкерлерiмен әкелiндi.