АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Облыстық архив қызметкерлері «Өлке тарихы – Ел тарихы» жылжымалы фотокөрмесін Атбасар ауданының тұрғындарымен таныстырды

2018 жылдың 26 шiлдесiнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң жетекшiлiгiмен ұйымдастырылған «Өлке тарихы — Ел тарихы» жылжымалы фотоархив құжаттар көрмесiнiң таныстырылымы Атбасар ауданында өттi. Жылжымалы фотокөрме Ақмола облысының қалыптасу мен даму тарихын баяндайтын 19 роллаптан тұрады. Салтанатты iс-шараға Атбасар ауданының селолық округтерiнiң әкiмдерi, Атбар ауданының мәдениет басқармасы бөлiмiнiң мамандары, «Жеңiс» мүгедектер қоғамы және Атбасар ауданының жастары қатысты. Көрменiң Атбасар ауданының тарихына арналған бөлiгiн Атбасар аудандық архивiнiң маманы қалың жұртшылыққа өзi таныстырды. Қалған аудандардың тарихын Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi — Уалиев Т.А. және Айтқожина Д.Е. баяндап бердi. Iс-шараға барлығы 125 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2018
Қаралым саны: 2715
Яндекс.Метрика