АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Соттар саласында ондайн семинар-кеңес

2022 жылдың 15 маусымда соттар саласында Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің басшысы слайдтарды, бейне роликтерді көрсете отырып «Тұрақты түрде сақталатын, жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу жүргізу және мемлекеттік сақтауға тапсыру» тақырыбында семинар – кеңес өткізді.

Семинарға соттар саласынан: Р. С. Нұрқасынова, М. К. Манапова Ақмола облыстық сотынан, Г. Т. Ауариринова калалық сотынан, А.О. Хамзина ювеналдық сотынан, З. О. Макашева экономикалық сотынан, М. Х. Албакова қылмыстық сотынан, С. Б. Жақашев әкімшілік сотынан, Д. Х. Мұқанова тергеу сотының және аудандық соттардың мамандары қатысты (онлайн).

Семинар жұмысы барысында конструктивтік сұқбат және архивариусты тарту арқылы құжаттарды уақытында өңдеу және құжаттарды ведомстволық архивке 2018 жылдың 31 қазандағы № 703 Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» және 2022 жылғы 14 сәуір № 93 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі негізінде жинақталатын, сақтау мерзімі көрсетілуімен типтік құжаттардың тізімі және азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге қатысты бірқатар маңызды мәселелердің талқылауы жүргізілді.

Мемлекеттік архивінің бөлім басшысы қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Семинарға 62 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2022
Қаралым саны: 2785
Яндекс.Метрика