АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Халыққа сервистік қызмет көрсету саласында семинар-кеңес

2022 жылдың 04 наурызда халыққа сервистік қызмет көрсету саласында Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерді бақылау бөлімінің басшысы слайдтарды, бейне роликтерді көрсете отырып «Тұрақты түрде сақталатын, жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу жүргізу және мемлекеттік сақтауға тапсыру» тақырыбында семинар – кеңес өткізді.

Семинарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының мамандары қатысты.

Семинар жұмысы барысында конструктивтік сұқбат және архивариусты тарту арқылы құжаттарды уақытында өңдеу және құжаттарды ведомстволық архивке 2018 жылдың 31 қазандағы № 703 Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» және 2021 жылғы 25 қазандағы № 329 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі негізінде жинақталатын, сақтау мерзімі көрсетілуімен типтік құжаттардың тізімі және азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге қатысты бірқатар маңызды мәселелердің талқылауы жүргізілді.

Мемлекеттік архивінің бөлім басшысы қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Семинарға 10 адам қатысты.

 

 

Мақаланың шыққан күні: 04.03.2022
Қаралым саны: 2545
Яндекс.Метрика