АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 24 наурызында «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыбында слайд көрсете отырып семинар өткізді.

Семинарға басшының орынбасары, бас мамандар, жетекші мамандар және іс жүргізуші қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 15 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 24.03.2023
Қаралым саны: 1372
Яндекс.Метрика