A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көп бейінді облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2022 жылдың 28 наурызында «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көп бейінді облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында «Тұрақты сақтаудағы, жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми – техникалық өңдеу жасау, сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға акт жасау және ведомстволық архивку тапсыру» тақырыбында слайд көрсету бойынша, семинар-кеңес өткізді.
Семинарға бөлім басшылары, бас мамандар, жетекші мамандар және архивариустар қатысты.
Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2021 жылғы 25 қазанындағы сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша, құжаттарды уақытылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 12 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 28.03.2022
Қаралым саны: 1995

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»