АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК семинар-кеңес

2019 жылдың 13 желтоқсанында «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейiндi облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң ведомстволық архивтердi бақылау бөлiмiнiң қызметкерлерi слайд көрсетiлiмiмен, iстердi толтыру бойынша бейнероликтер көрсету арқылы «Тұрақты сақтаудағы және жеке құрам бойынша құжаттарға ғылыми — техникалық өңдеу жасау, құжаттарды ведомтволық архивке тапсыру тәртiбi» тақырыбында семинар –кеңес өткiздi.

Семинарға басшылар, бөлiмдердiң бас мамандары , архивариустар қатысты.

Семинар жұмысы барысында 2017 жылғы 29 кыркүйектегi № 263 Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет Министрiнiң мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттау мен құжаттамаларды басқару ережелерi бойынша және 2018 жылғы 31 қазанындағы № 703 Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет Министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген ережеге сәйкес конструктивтiк сұқбат және бiрқатар маңызды мәселелердiң талқылауы жүрдi.

Мемлекеттiк архивтiң мамандары қойылған сұрақтарға толық әрi түсiнiктi жауап бердi. Барлығы 15 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 13.12.2019
Қаралым саны: 1968