A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында семинар-кеңес

       Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2021 жылдың 02 маусымында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында "Ұйымның істер номенклатурасын жасау және іске құжаттарды қалыптастыру" тақырыбында слайд көрсету арқылы, онлайн семинар-кеңес өткізді.

       Семинарға бөлім басшылары, бас мамандар, архивариустар қатысты.

       Семинарды өткізу барысында 2018 жылдың 31 қазан айында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары, 2020 жылдың 06 қазанында сақтау мерзімдері көрсетілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша ведомстволық сақтау сатысында істерді қалыптастыру және оларды сақтауды қамтамасыз ету және істер номенклатурасына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Ұйымның істері мен құжаттарын қалыптастыруға және жинақтауға ерекше назар аударылды.

       Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 10 адам қатысты.

 

Мақаланың шыққан күні: 02.06.2021
Қаралым саны: 2110

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»