A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынында семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң ведомстволық архивтерiн бақылау бөлiмiнiң қызметкерлерi 2022 жылдың 18 маусымында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынында "Ұйымның iстер номенклатурасын жасау және iске құжаттарды қалыптастыру" тақырыбында слайд көрсету арқылы, онлайн семинар-кеңес өткiздi.

Семинарға бөлiм басшылары, бас мамандар, архивариустар қатысты.

Семинарды өткiзу барысында 2018 жылдың 31 қазан айында мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары, 2022 жылдың 12 сәуiрiнде сақтау мерзiмдерi көрсетiлген мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесi бойынша ведомстволық сақтау сатысында iстердi қалыптастыру және оларды сақтауды қамтамасыз ету және iстер номенклатурасына қатысты бiрқатар маңызды мәселелер талқыланды. Ұйымның iстерi мен құжаттарын қалыптастыруға және жинақтауға ерекше назар аударылды.

Бөлiм қызметкерлерi қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар бердi. Барлығы 10 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2022
Қаралым саны: 1758

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»