AA

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2022 жылдың 02 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында «Тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және ведомстволық архивке тапсыру» тақырыбында слайд, құжаттарды рәсімдеу туралы видеоролик көрсете отырып, семинар-кеңес өткізді.

Семинарға бөлім мамандары қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары және Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 184 ережесіне сәйкес сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бойынша архивариусты тарта отырып, құжаттарды уақытылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 9 адам қатысты.

Мақалың шыққан күні: 27.09.2022
Қаралым саны: 1577
© 2024. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика