АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысының мемлекеттiк архиві сайтының құрметтi шолушылары!

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облыстық оқу – әдістемелік орталығы» КММ-де семинар-кеңес

Ақмола облысы мемлекеттік архивінің ведомстволық архивтерін бақылау бөлімінің қызметкерлері 2023 жылдың 10 ақпан күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облыстық оқу – әдістемелік орталығы» КММ-де «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыбында слайд көрсету бойынша, семинар-кеңес өткізді.

Семинарға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облыстық оқу – әдістемелік орталығы» КММ-ң басшылары және мұғалімдері қатысты.

Семинарды өткізу барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бөлім қызметкерлері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 25 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 10.02.2023
Қаралым саны: 2462
Яндекс.Метрика