A- A A+
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ақмола облысының мәдениет басқармасының жанындағы «Ақмола облысының тарихи – өлкетану музейі» КММ-де семинар – кеңес өтті

Ведомстволық архивтерге бақылау жасау бөлiмiнiң архивистерi 2018 жылдың 06 сәуiрiнде Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Ақмола облысының мәдениет басқармасының жанындағы «Ақмола облысының тарихи — өлкетану музейi» КММ — да «Iстер номенклатурасы — құжаттандырудың негiзi, ұйымның iс — жүргiзуiнде құжаттарды қалыптастыру және ведомтсволық сақтау сатысында олардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар — кеңес өткiздi.

Семинарға кадр бөлiмiнiң инспекторлары, iс-жүргiзушi хатшылар, мәдениет басқармасына қатысты ведомстволық ұйымдардың архивариустары қатысты.

Семинар барысында құрылымдық сұхбат орын алып, 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрықпен бекiтiлген «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидалары» және 2017 жылғы 29 қыркүйектегi № 263 бұйрығына қосымша «Сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесi» бойынша iстер номенклатурасын құру туралы маңызды сұрақтар талқыланды.

Негiзгi назар ұйымдардың тарихына қатысты құжаттарды рәсiмдеуге бөлiндi.

Мемлекеттiк архив мамандары қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар бердi. Барлығы 14 адам қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 06.04.2018
Қаралым саны: 2468

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»